Тұрғындарға арналған жадынама

ШОШҚАЛАРДЫҢ АФРИКАЛЫҚ ОБАСЫ

Шошқалардың африкалық обасы  – асақауіпті жоғары патогендівирусты дерт,тез таралуымен сипатталып, жоғары дәрежеде өлімге әкеліп соқтырады. Ауылған шошқалар 100 % дейін мерт болады. Шошқалардың африкалық обсымен жасы мен тұқымына қарамастан үй және жабайы доңыздар ауырады.

Аурудың клиникалық белгілері.Жұққан соңклиникалық белгілері пайда болғанға дейін 2-7 күн өтеді. Жануарлардың температурасы 42оС дейін көтеріледі, ентігу, жөтел пайда болады, асқа зауқы болмайды, шөл күшейеді, құсу және аяқ ұштарыныңұюы байқалады, терінің сыртқы бетінде, қарнында, мойнында, құлағында, мұрнында және құйрығында қызыл-күлгін дақтар пайда болады. 1-5 күн ішінде, кейде кешірек  мерт болады.

 

Шошқаның африкалық обасы адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмейді!

     Шошқаның африкалық обасының алдын алу және емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жоқ.

     Ауру шошқалар нәжіспен, мұрынының ағуымен және басқа да жолмен шығу арқылы таралады.

Сау жануарларға дерт вирус жұққан мал азығы, төмесе, қи, мүрделер және сойылған жануарлардың өнімдері (ет, ет өнімдері, қан) арқылы жұғады.

 

Шошқаның африкалық обасының туындауына және  жұғуына жол бермеу мақсатында келесідей шараларды сақтау қажет:

-зоогигиеналық, ветеринарлық-санитарлық нормалар мен қағидаларды әрі шошқаларды күту қағидаларын сақтау;

- шошқа шаруашылықтары мен фермаларға шаруашылықтар аумағының кіреберісінде зарарсыздандыру қалқандарын орнатып, зарарсыздандыру кілемшелерін төсеу қажет. Шошқалар ұсталатын, мал азығы сақталатын және дайындалатын орындарды зазарсыздандыру, залалсыздандыру (жәндіктерден, кене)міндетті түрде жүргізілуі қамтамасыз ету;

-  жануарлардың ауыруы мүмкіндігін уақытылы анықтау мақсатында шошқаларды күн сайын тексеру;

- шошқалардың азығына тамақ қалдықтары мен жануарлардан алынатын азықтардың қайнатылып өңделуінсіз берілуіне жол бермеу;

- белгіленбеген суда орындарынан мал азығы мен  мал азығы қоспаларын сатып алмау  (мал азығының қауіпсіздігі мен шықан жерін растайтын, сатуға рұқсат берілген құжаттардың болуы);

- тірі шошқаларды, етін және ет өнімдерін ветеринарлық ілеспе құжаттарынсыз белгіленбеген жерлерден сатып алуға  болмайды;

- ветеринарлық дәрігерлерді жеке қосалқы шаруашылықтардың төңірегіне шошқаларды тексеру және ветеринарлық шаралар жүргізу үшін кіргізу;

- ветеринарлық қызмет мамандарына шошқалардың ауыруы туралы тез арада хабарлау;

- ветеринарлық қызметтердің келісімінсіз басқа өңірлерден шошқалар әкелмеу керек.

 

ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ!

Осы ұсынымдарды орындауыңыз шошқаның африкалық обасының Сіздің жеке қосалқы шаруашылығыңыздың аумағында болмауына және экономикалық шығындарды болдырмауға бағытталған!