Ақпараттық хат

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаментімен (бұдан әрі-Департамент) тұрақты негізде мемлекеттік қызмет саласындағықолданыстағы заңнамалар нормаларының, сондай-ақ қызметтегі әдептілік нормаларының бұзылуының алдын алу бойынша шара қолдану барысында іс-шаралар жүргізілуде.

1. Қызметтік автомобиль көлігінің тиімді пайдаланылуы туралы заңнама талаптарының сақталуы.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері Әдеп кодексінің 5-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер автокөлікті қоса алғанда, мемлекеттік меншіктің сақталуын, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті қызмет бабында ғана және тиімді пайдалануды  қамтамасыз етулері тиіс.

          Осыған байланысты, автомобиль көлігінің мақсатсыз пайдаланылуын анықтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілермен жолда жүру Ережесінің өрескел бұзылуы бойынша тексерулер жүргізу осындай шаралардың бірі болып табылады.

          Тексерулер ІІД жол-патруль полициясы автопатруль Ротасының және аудандардың ІІБ Жергілікті полиция қызметінің тартылуымен Павлодар облысы ІІД жеке қауіпсіздік Басқармасымен бірлесе отырып жүргізіледі.

2. Мемлекеттік қызметшілермен жолда жүру Ережесінің сақталуы.

         Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер Конституция мен Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтаулары тиіс.

          Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер өз істерімен және үлгісімен қоғам тарапынан сынға алынуына жол бермей, кемшіліктерді жою және өз қызметін жақсарту үшін сындарды ойды пайдаланып, заң бойынша тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жаза қарастырылған істер мен басқа да құқық бұзушылықтарға жол бермеуі тиіс (мемлекеттік қызметші Әдеп кодексінің5-б.7, 13-т.).

3. Мемлекеттік органдардың ғимараттарында смартфон ұялы телефондарының қолданылуына тыйым салыну.

Премьер Министр, Президент Әкімшілігі Басшысы және Премьер Министр Кеңсесі Басшысының бірлескен тапсырмасымен мемлекеттік ғимараттардағаламтор модульдерімен жарақталған, сондай-ақ фото-бейне және аудио жазба жасай алатын смартфон ұялы телефондарының қолданылуына тыйым салынды (смартфондар, планшеттер, смарт-сағаттар).

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10-бабының 9-тармағына (бұдан әрі-Заң) сәйкес,мемлекеттік қызметшілер басшылардың олардың лауазымдық құзыры шегінде шығарылған бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдері мен тапсырмаларын орындауға міндетті.

4. Әдеп кодексінің жеке нормаларының сақталуы.

         Әдеп кодексінің 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік органдардың басшылары мемлекеттік органдар ғимараттарының жалпыға ортақ жерлеріне Кодекстің мәтінін орналастыруы тиіс.

Ветеринария бөлімінің  басшысы   Т. Садвакасов

           

2017 жыл мамыр