Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бағдарламасындағы өзгерістер туралы

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңын орындауда, 2010 жылдан бастап ауыл шаруашылығы Министрлігі жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып, «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» бағдарламасы жүргізілуде (бұдан әрі – АЖБ бағдарламасы). Алайда, ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу бойынша қандай да бір уақытша шектеулердің болмауына байланысты (есепке алу/шығару) АЖБ бағдарламасына ветеринарлық дәрігерлер жануарларды біршама кешіктіріп тіркеген, ол өз кезегінде көптеген жайттарға әсер етті, статистикалық мәліметтерге, алдын алу шараларының тіркелуі, субсидия алу және тағы да басқалары.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 қағиданың 2-тармағын басшылыққа ала отырып,  2017 жылғы 1 маусымнан бастап АЖБ бағдарламасында келесі шектеулер бойынша форматтық-логистикалық бақылау белгіленеді, олар:

Қойылу себебі

Пішімді-логистикалық бақылау

АЖБ хабарлау

Ескертпе

Төл

Жануардың жасы:

ІҚМ, ҰММ,түйе – 2 айдан жоғары емес;

жылқы-6 айдан жоғары емес;

шошқа-10 айдан жоғары емес.

Жануардың жас ерекшелігі санаты сай келмейді

30.01.2015 ж.

жануарларды бірдейлендірудің №7-1/68 қағидасына сәйкес төмендегі жастарға жекеннен бастап 14 жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі:

ІҚМ,ҰММ, түйе –туғаннан бастап 7 күн өткен соң;жылқы-4 –бір айлық жаста.

Шошқа:

 - асыл тұқымды торайлар ЛПХ 3 айлығынан;

Өнеркәсіптік торайлар туғаннан бастап 7 күн өткен соң;

-сойылмаған торайлар 9 айға дейін,9 ай толған күннен бастап 7 күн өткен соң бірдейлендіріледі.

Импортталатын жануарлар бірдейлендірілмейді, импорттық номерлік белгілердің  қайталануын қоспағанда.

Сатып алынғаны

АБЖ базасында тарихын тексеру, яғни бастапқы есепке қойылуы туралы тарихының болмауы жағдайында, базаға енгізіледі (импортталған жануарлардан басқалары)

АЖБ мәліметтер базасына жануардың бастапқы қойылуы туралы тарихының болмауы

Мал иесінің қоныс аударуы

АБЖ базасында тарихын тексеру, яғни бастапқы есепке қойылуы туралы тарихының болмауы жағдайында, базаға енгізіледі

АЖБ мәліметтер базасына жануардың бастапқы қойылуы туралы тарихының болмауы

АЖБ процестік орталығына интеграциялау

АЖБ бағдарламасына импортталғандарды қоспағанда, процестік орталықпен келісілгендері ғана  ИНЖ қабылданады

ИНЖ мәліметтері процестік орталықтың жоғарыда көрсетілген номерлері тобына жатады

Қойылу себебі:

-төл-ПЦ базасынан тексеру;

-сатып алу, иесінің қоныс ауларуы-АЖБ тарихын тексеру;

-импортталатындарының ерекшелігін ғана тексереміз.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидасы сақталмаған  жағдайда,  жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары және жануарлардың иелері Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы  әкімшілік кодексінің 406-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

  Ветеринария бөлімінің басшысы                                                                   

  Т. Садвакасов