Ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезге қарсы күресінің стратегиясы

Бруцеллез –жануарлар мен адамдарда бактериялар арқылы туындайтын созылмалы ауру.

        Адамдар үшін жұқпаны тудырудың негізгі көзі - қойлар және ірі қара малдар. Адамға бруцеллездің жұғу жолдары сан алуан, жұғу көбінесе (ауру малдармен немесе шикізатпен және жануарлардан алынатын азық-түлікпен) байланыснемесе ауқаттық жолмен жұғады. Жануарлардағы бруцеллездің клиникалық ағымы әртүрлі, негізгі белгісі түсік тастау, алайда кейде жасырын түрде өтіп, арнайы тексеру кезінде ғана анықталуы мүмкін.

Бруцеллез кезіндегі сауықтыру шаралары эпизоотиялық ошақты, ауру тудыру көздердіжоюға бағытталған. Оң мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей іс-қимыл алгоритмін орындау қажет:

1. Бруцеллезбен ауырған жануарларды санитарлық союға тапсыру (анықталған соң кем дегенде 15 күннен кешіктірмей).

2. Ауру малдар болған үй-жайлар мен аумақты механикалық тазарту. 3.Тазартылған аумақты зарарсыздандыру.

4. Мал шаруашылығына арналған үй-жайларды әктеу.

5. Жануарлардың қозғалысын ветеринарлық қызмет рұқсатымен ғана жүргізу. Өңірдегі мал шаруашылығын дамыту әрі күту барысында орын алған жағдайда, бруцеллезбен күресу үшін эпизоотиялық ошақты жою бойынша нақты шаралар таңдау қажет. Мемлекет есебінен жүргізілетін диагностикалық зерттеумен ғана мәселені шешу қиын. Қазақстанда қолданылатын бруцеллезге қарсы бағдарламаларды талдау кезінде, яғни негізінде, бруцеллезге қарсы екпе жасау нәтиже көрсетуде. Қазіргі уақытта шетел өндірісінен РБ – 51 екпесі сәтті болуда, ол Екібастұз қаласының ветеринарлық қызметінде бар.

Екібастұз қаласының ветеринария бөлімі