«Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметі туралы

2015 жылғы 25-26 қыркүйек аралығында Астана қаласында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің жәрмеңкесі өтті. Өнімді Павлодар облысы ұсынған болатын, қатысушылар құрамында Екібастұз өңірінің өндірушілері де болды. Ветеринарлық бөлім ветеринарлық-санитарлық қағидаға сәйкес өнімді дайындауға қатысты, барлық дайын өнімге ветеринарлық-санитарлық сараптама өткізілген соң мөр қойылып, қажетті ілеспе құжаттар берілді, соның ішінде ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендірудің компьютерлік мәліметтер базасымен салыстыру және шығару жұмыстары атқарылды, мұндай іс соңғы қағиданың талабы болатын.  

         Осының барлығы Астанадағы сауданы тиісті деңгейде өткізуге мүмкіндік берді, сонақ-ақ біздің өңірімізден апарылған жылқы мен қойдың семіз еттері жәрмеңке кезінде сатылып кетті.

         Сонымен қатар өткен кезеңде ветеринарлық бөлімнің қызметі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бағытында да белсендіріле түсті. «Екібастұз қаласының ветеринарлық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны негізінде Екібастұз өңіріндегі барлық ветеринарлық дәрігерлердің қатысуымен «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» тақырыбы бойынша екі семинар өткізілді. Соңғысына «Казагромаркетинг» АҚ Павлодар қаласы филиалының мамандары шақырылды, олар қызықтырған сұрақтарына жауап берді, яғни жануарларды бірдейлендірудің компьютерлік базасын меңгеру, тиісті жерлерге барлық ветеринарлық-санитарлық шаралардың енгізілуімен ветеринарлық төлқұжаттарды одан әрі толтыру бойынша тәжірибелік дағдыларымен бөлісті.

         Ветеринарлық бөлімнің соңғы 9 айдағы жұмысын қорытындылай келе, жалпы табысты еңбек еттік деп айтуға болады, барлық ветеринарлық жұмыстар игерілді, бұл союға тапсырылған бруцеллез малдардың құнын өтеу, қаңғыбас иттерді аулау, мал қорымдарын ұстау, ветеринарлық – эпизоотияға қарсы шаралар жоспарға сәйкес уақытылы орындалды.  

 

 

 

2015 жылғы 1 қазан