Қыс мезгілінде ауыл шаруашылығы жануарларын қорада ұстау туралы

          Әрбір мал иесі қыс мезгілінде малдың қорада ұсталуына дұрыс дайындалуы тиіс, жануарлар ұсталатын үй-жайлар жылы әрі жайлы, ал малдың оттығы салапы мал азығымен толтырылуы керек.

         Жылдың суық мезгілінде малды қорада ұстау жауапты кезең болып табылады және ол үшін мал иесі алдын ала дайындық жүргізеді.

          Қыс мезгіліде малды жайлы жерде ұстау үшін ертерек қамданып, ауылдық округтің ветеринарлық дәрігерлеріне тиісті екпелерді жасатып, паразиттерге қарсы өңдеу қажеттілігі туралы кеңес алған жөн.

          Малды қорада қолда ұстамас бұрын, малды қамауға арналған барлық үй-жайлардан егеуқұйрық, тышқан сияқты зиянды жәндіктерді жойып, зарарсыздандырып, әктеп, механикалық тазарту жүргізіп, сондай-ақ қи жинауға арналған орын дайындау керек.

          Малдар көбінесе қыс мезгілінде бұзаулайды, сондықтан төлдер мен сиырларға арналған үй-жайлар зарарсыздандырылған, таза, құрғақ және жылы болуы тиіс. Мал бұзаулайтын кезде қора мұқият тазартылып, құрғақ, шірігі және көгергені жоқ төсеме төселеді. 

          Жануарларды қыстың аяз күндерінде де күннің көзі түсетін жағынан малға арналған үй-жаймен жарақтап, қатты желдерден, жаңбырдан, қардан қорғалған  аулаға шығарған дұрыс.

          Әрбір малшы жануардың ағзасының физиологиялық жағдайын білуі керек, жануарлар қорада тұрған кезде де қар мен жаңбырлар оларға айтарлықтай әсер етеді. Сиырларды нөлден төмен температурада ұстаған жағдайда, салқын тигеннен болатын аурулар жиі туындайды және туберкулезге шалдыққыштық арта түседі.

          Сондықтан жануардың иесі оларды табиғаттың кері әсерінің ықпалынан қорғауы тиіс. Ондай уақытта жануарлардың ас үлесіне құрамына протеині және минералды заттары көп мал азығын енгізеді. Жануарларды жылы сумен жиі суарып отыру керек. Қыс мезігілінде жануарлардың саулығын бақылап, тұрақты өндірістік жағдайын қамтамасыз ету қажет.

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» ММ