Сібір жарасы туралы

           Түйнеме (Сібір жарасы) – жануарлардан жұғатын, зооноздыларға жататын, жануарлар мен адамдардың жіті жұқпалы ауруы.

          Індет жануарларға күтім жасау және етті өңдеу кезінде жұғады. Сондай-ақ мал шаруашылығы өнімімен байланыс жасау кезінде де жұғуы мүмкін (қылшық, жүн, тері). Жұқпа адам ағзасына, сібір жарасының спорасы ұзақ уақыт сақталған топырақтан да түсуі мүмкін. Қоздырғыш сондай-ақ адам ағзасына терідегі жара арқылы, жұқпасы бар өнімді тағамға қолдану немесе жұқпалы ауруы бар шаңды және сүйек ұнын иіскеу кезінде де енеді.

          Науқастың жұмысы ауру жануарлармен байланысты болғанын анықтау диагноз қою үшін өте маңызды.

           Сібір жарасы дертінің белгілері: ортасында қанды бөртік, ал айналасында үлкен инфильтрат дамып, жұмсақ тіндері домбығып ісінеді және  түбі қарайған жара пайда болады.

           Сібір жарасы жұқпасының алдын алу шаралары:

көшеден, апатты базарлардан ет және ет өнімдерін сатып алудан аулақ болған жөн;

сібір жарасы ауруына күмәнданған жағдайда, шұғыл түрде алдын алу емін алып, медициналық тексеруден өту үшін тез арада дәрігерге қарану қажет.

           Қазіргі уақытта Екібастұз қаласының супермаркеттерінде сатылып жатқан еттер бірнеше кезең бойынша ветеринарлық тексеруден өтуде.

           Біріншіден, мамандар жануарға арналған ілеспе құжатты тексереді, екпенің болуы, малдың жай-күйі.

           Екіншіден, сойылған малдың ішкі құрылысын мұқият қарайды, лимфа түйіндері үлкеймеген бе, бауыры бүтін де және тағы да басқалары.

           Қалада 4 ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханасы бар, оларда біліктілігі жоғары, лицензиялары бар мамандар жұмыс істейді. Соның ішінде үш зертхана өз қызметін қала базарларында тікелей атқаруда.

          Екібастұз өңірінде сібір жарасына қарсы егілген малдар: ірі қара мал – 28 900 бас, жарты жылдық жоспардан 100%; ұсақ мүйізді мал – 36 000 бас, жарты жылдық жоспардан 100%; жылқы – 4 400 бас, жарты жылдық жоспардан 100%; шошқа – 850 бас, жарты жылдық жоспардан 100%; түйе – 123 бас, жарты жылдық жоспардан 100%.

           Біздің өңірімізде сібір жарасы көміндісінің 6 орны тіркелген. Бұл көмінділер шалғайда далада, бұрын мал бағылған жайылымда орналасқан. Осы аумақтарда мал баққан кезде, әсіресе кез келген жер жұмыстарын жүргізу кезінде абай болыңыздар, қазу және т.б. Сібір жарасы жағдайы тиісті қызметтердің бақылауында. Барлық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларының сақталуы ғана бізге сібір жарасын жұқтырудан сақтануға мүмкіндік береді.

           

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

ветеринария бөлімі» ММ басшысы

 Т.Т.Садвакасов        

 2016 жылғы 12 шілде