КУТЫРМА

Құтырма – ауруды жұқтырған жануарлардан (ет қоректілердің тістеуі және сілекейі арқылы) дамитын, жіті өршитін, адамдар мен жануарлардың табиғи ошақты вирустық ауруы. Ол орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен сипатталады. Агрессиялықпен, құтыру, судан, дыбыстан, ауадан, жарықтан  қорқу белгілерімен ерекшеленеді. Әдетте ылғи өліммен аяқталады.

         Құтырма ауруына қарсы алдын ала егу арқылы аурудың алдын алуға болады.

         Құтырма ауруымен жануарлар да, адамдар да ауырады.

          Құтырма ауыруының негізгі таратушы көзі- қаңғыбас иттер, мысықтар және жабайы жануарлар.

          Жануарлардың құтырмасына қарсы шаралар: иттер мен мысықтарды ұстау тәртібін сақтау, үй жануарларын бұралқы және жабайы жыртқыш жануарлардан қорғау,  иттерді, мысықтарды және басқа да үй жануарларын алдын ала егу.

           Үй жануарларын жабайы жануарлар тістеп алған жағдайда, қашан да ветеринар мамандарға шұғыл түрде хабарлау қажет.

            Қауып алған жануарды өлтіруге болмайды, себебі оны ветеринар маман құтырма ауруын анықтау  үшін 10 күн бойы бақылауда ұстауы  тиіс.                    

 «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» ММ, тел: 8 (7187) 754239 «Екібастұз қаласының ветеринарлық станциясы»  ШЖҚ КМК, тел: 8(7187) 752553.