«Б» корпусы төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары    E-R-4 санаты үшін: жоғары білімі.

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары    E-G-4 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылдық, тіл табысқыштық, талдағыштық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.**

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

E-R-4

73288,23

99105,67

E-G-4

62461,56

84114,90

 

** Ескерту: «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі», «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің штат кестесінде E-R-4 санатындағы бас мамандардың лауазымдары төменгі болып табылады, «Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты», «Екібастұз қаласының Құдайкөл ауылдық округі әкімінің аппараты», «Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты», «Екібастұз қаласының Шідерті поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелерінің штат кестесінде E-G-4 санатындағы жетекші мамандардың лауазымдары төменгі болып табылады.

 

 «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй, анықтама телефондары/факс: 340856, электрондық мекенжайы: aitkeshova.ae@pavlodar.gov.kz,  «Б» корпусы төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

 

1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» ММ бас маманы, E-R-4 санаты, (№02-15-01-1), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешені мен ветеринария жөніндегі басқа да нормативтік-құқықтық актілерін дамыту Заңнамаларын орындау; іс қағаздарын және кадр қызметін жүргізу; құқықтық жалпы оқыту жұмысын ұйымдастыру, тұрғындар арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастыру; мал шаруашылығы нысандарын қолданысқа қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру және оның өндірісін ұйымдастыру; жануарларды (сою) дайындау, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты қайта өңдеу;  өнімді алып қою, жою немесе зиянсыздандыру (зарарсыздандыру), сондай-ақ жануарлар мен адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар өнімдері мен жануарлардан алынатын шикізатты алып қоймай қайта өңдеу; жоспарлы эпизоотияға қарсы шараларды жүргізу; ветеринарлық есепке алу мен есептілікті жүргізу, жинақтау әрі сараптау, Қазақстан Республикасының ветеринария сала­сындағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органға ұсыну, эпизоотиялық мониторингті жүргізу, егер эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда оларды тексеру; бақылаудағы құжаттардың уақытылы орындалуы мен БРД тіркелуіне бақылауды жүзеге асыру, азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін есепке алу сараптау, мемлекеттік органның ғаламтор ресурсын уақытылы жаңғыртуды жүзеге асыру және бөлімнің жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау, өз құзыры шегінде ұсынылған мәселелер бойынша шешім қабылдау; жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлерді беру; эпизоотологиялық тексеру актісін беру. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланыс­ты Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.     

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (ветеринария саласында – ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария).

 

2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ әлеуметтік-экономикалық дамытуды жоспарлау және мониторинг жүргізу секторының бас маманы, E-R-4 санаты, (02-2-01-2-2), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын инвестициялық жобалар мониторингін жүргізу; мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды дайындау; қала кәсіпорындарының негізгі технико-экономикалық көрсеткіштер бойынша  мониторинг жүргізу; аймақтарды дамыту бағдарламасына мониторинг жүргізу; мемлекеттік-жеке серіктестік шегіндегі  жобаларды талдауы және мониторингі;қала әкімінің қатысуымен жиналыстар және қала әкімдігі отырыстарына материалдарды дайындау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында:  экономика,менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика).

 

3. «Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы, E-G-4 санаты, (01-3-05), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Ақпараттық-идеологиялық топтың жұмысын жүргізеді, ақпараттық-аналитикалық материалдар мен ақпараттық-үгіт-насихат жұмысы бойынша есеп дайындайды. ҚР  мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау жұмысын ұйымдастырады. Ауыл аймағында болып жатқан әлеуметтік қоғамдық-саяси жүйесін білу және тұрғындардың оған қатысының әлеуметтік зерттеуін жүргізеді, зерттеу нәтижесін жалпылап, талдап, оған ақпараттық-аналитикалық материалды  әзірлеп, заңнамаға сәйкес діни бірлестікпен байланысты қамтамасыз етеді. Заңды тұлғасы белгісі жоқ миссионерлер мен аз құрамды діни топтарды есепке тіркеу және қайта тіркейді, ақпараттық базаны қалыптастырады, жемқорлыққа қарсы күрес шаралары жоспарын құрастыру, жастармен,  әйелдермен, қарттар кеңесін, отбасылық-демографиялық саясат жұмысын ұйымдастырады. Ауыл аймағы әкімінің веб-сайты жұмысын ұйымдастырады. Ақпараттық саясаттың медиа-жоспарын жүзеге асырып, мемлекеттік мекемені қалалық газетпен байланыстырып,  атқарылған, іс- шараны жарыққа шығарады. Тарихи және мәдени мұраны сақтау жұмысын,   дене шынықтыру және спорт өкілетті ұйымымен  және мүгедектер  қоғамымен мүгедектер арасында  сауықтыру және спорттық іс- шаралар өткізеді. Ауыл аймағы әкімі аппараты және ауыл аймағы мекемесі, ұйымы, өндірісі  қызметкерінің құқықтық  жаппай оқуына жауап береді. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жұмысын жүргізеді.  Белгіленген мерзімде қадағалайтын сұрақтар бойынша уақытылы есеп дайындалуын қамтамасыз етеді.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім (білім саласында; әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылым және технологиялар саласында; жаратылыстану ғылым саласында; құқық саласында; гуманитарлық ғылым саласында;  ауыл шаруашылық ғылым саласында; қызметтің саласында) не орта техникалық немесе кәсіптік (білім саласында; әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылым және технологиялар саласында; жаратылыстану ғылым саласында; құқық саласында; гуманитарлық ғылым саласында;  ауыл шаруашылық ғылым саласында; қызметтің саласында).

 

4. «Екібастұз қаласының Құдайкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы, E-G-4 санаты, (01-3-04), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының нотариалдық әсерлерді ретімен қойылған заңмен іске асыру. Кадр жұмысын жүргізу. Нормативтік-құқықтық актілерді дайындау. Шаруашылық кітаптармен жұмыс, тұрғындардың құрамы бойынша статистикалық есебін жүргізу. Тұрғындардың  келуін және кетуін полиция бөлімінің ҚІІБ салыстырып тексеру. Сайлаушылардың тізімін жасау. Әкім аппаратының және штаттан тыс қызметкерлердің жұмыс уақытын есеп табелін жүргізу.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім (білім саласында; құқық саласында; гуманитарлық ғылым  саласында; әлеметтік ғылым, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылым  және технология саласында; ауылшаруашылық ғылым саласында; қызмет көрсету  саласында;  ветеринария саласында) не орта техникалық немесе кәсіптік білім (білім саласында; құқық саласында; гуманитарлық ғылым  саласында; әлеметтік ғылым, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылым  және технология саласында; ауылшаруашылық ғылым саласында; қызмет көрсету  саласында;  ветеринария саласында).

 

5. «Екібастұз қаласының Құдайкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы, E-G-4 санаты, (01-3-05), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: ҚР «Халықты жұмыспен қамту» Заңымен жұмыс    (мүгедектермен, жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа жіберілуі). Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балаларға жәрдемақы тағайындауына учаскелік комиссияның жұмысын ұйымдастыру. Кіріс және шығыс хат-хабарлармен жұмыс жасау. Іс жүргізу, іс номенклатурамен жұмыс.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім (білім саласында; құқық саласында; гуманитарлық ғылым  саласында; әлеметтік ғылым, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылым  және технология саласында; ауылшаруашылық ғылым саласында; қызмет көрсету  саласында;  ветеринария саласында) не орта техникалық немесе кәсіптік білім (білім саласында; құқық саласында; гуманитарлық ғылым  саласында; әлеметтік ғылым, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылым  және технология саласында; ауылшаруашылық ғылым саласында; қызмет көрсету  саласында;  ветеринария саласында).

 

6. «Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы, E-G-4 санаты, (01-2-09), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Ақпараттық-идеологиялық топтың жұмысын жүргізеді. Заңнамаға сәйкес діни бірлестікпен байланысты қамтамасыз етеді. Жастар, әйелдер,  қарттар кеңесі істері бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Ақпараттық саясаттың медиа-жоспарын жүзеге асырады. Бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын үйлестіреді, мемлекеттік мекемелермен әрекеттесуді және өткізілген іс-шаралардың жарық көруін қамтамасыз етеді. Әкім аппаратында мемлекеттік рәміздердің бар болуына жәнә ахуалына жауапты, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы мемлекеттік рәміздердің ахуалына бақылау жүргізеді.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары немесе ортадан кейінгі білім, не орта техникалық немесе кәсіптік  (білім саласында; гуманитарлық ғылым саласында;  құқық саласында; әлеуметтік ғылым экономика және бизнес саласында; техникалық ғылым және технологиялар саласында).

 

7. «Екібастұз қаласының Шідерті поселкесі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы, E-G-4 санаты, (01-2-08), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Ақпараттық – идеологиялық жұмыс жүргізеді,                     ақпараттық – аналитикалық есеп дайындайды. Поселок  әкімінің мадақтаулары бойынша материалдарды дайындайды. Қазақстан Республикасының рәміздерін қолдану талаптарының орындалуына жауапты. Жастар және әйелдер ісі бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және жанұялық демография саясатын жүргізеді. Жастардың бос уақытын қамту жұмысын жүргізеді, поселок халқына мәдени – көпшілік, спорттық іс – шаралар өткізеді. Тұрғындарды бұқаралық ақпарат құралдарына жазылу компаниясын өткізеді, ҚР партияларымен және мемлекеттік емес ұйымдармен  жұмыс жасайды. Ақсақалдар, жастар және кәсіпкерлер кеңесінің жұмысын ұйымдастырды және хаттамасын жүргізеді. Жылына екі рет шаруашылық кітаптарын толтыруға және статистикалық есеп тапсыруға ықпалдасады. Поселок әкімінің басқа да тапсырмасын орындайды.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім (білім саласында; гуманитарлық ғылым саласында; құқық саласында; өнер саласында; әлеуметтік экономика және бизнес ғылым саласында; табиғи ғылым саласында; техникалық ғылым және технология саласында; ауылшаруашылық ғылым саласында; қызмет көрсету саласында; денсаулық қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында) не орта техникалық немесе кәсіптік білім (білім саласында; гуманитарлық ғылым саласында; құқық саласында; өнер саласында; әлеуметтік экономика және бизнес ғылым саласында; табиғи ғылым саласында; техникалық ғылым және технология саласында; ауылшаруашылық ғылым саласында; қызмет көрсету саласында; денсаулық қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында).

 

Құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күн  ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1)     осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)     3х4 үлгідегі суретпен осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3)     бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4)     еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5)     Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6)     Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)     құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)     конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық пакетін ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қарастырмауына негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң 5 жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодарс облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің ғимаратында, Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй мекенжайында өтеді.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламалары E-R-4, E-G-4 санаттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.

Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы E-R-4, E-G-4 санаттары бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа төзбеушілік  (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілерден тұрады.

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа төзбеушілік – 2 балл.

 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.