ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ КОНГРЕСС ӨТТІ

   
 

   Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқу орнының 85 жылдығына орай III Халықаралық Ветеринарлық Конгресс болып өтті.

      Аталған шараға мемлекеттік органдардың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларының, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының, ветеринарлық стансалардың, клиникалардың, дәріханалардың басшылары мен мамандары, мал шаруашылығы мен үй жануарларына арналған  тауарлар мен дәрі-дәрмектерінің дистребьюторлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 III Халықаралық Ветеринарлық Конгресті өткізудің мақсаты  - отандық ветеринария саласы мамандарының кәсіби және интеллектуалды біліктілігін арттыру, ұлттық ветеринариялық бірлестіктер арасындағы қатынастарды кеңейтіп, инновациялық техологияларды енгізу, әлемдік ветеринария саласы бойынша ғылыми негізделген ақпараттар мен жаңалықтарды қолжетімді ету, ветеринариялық-санитариялық бақылауға байланысты халықаралық келісімдер мен шарттарды талқылау, сараптау, тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ветеринарияның маңыздылығын  арттыру.

   Конгрес бағдарламасында «Өнімді жануарлар» және «Ұсақ үй жануарлары» секциялары жұмыс істеп, «Ветеринария саласындағы кәсіпкерлікті дамыту» туралы дөңгелек үстел және «Ветеринариялық-санитариялық сараптама» тақырыбында шеберлік сыныптар өткізіледі. Сала бойынша білікті ғалымдар мен кәсіби мамандардың қатысуымен Пленарлық отырыс ұйымдастырылып, «Қазақстан Республикасының этикалық ветеринариялық кодексі»  жобасына қол қою рәсімі жүзеге асырылды.

  Конгресс шеңберіндегі семинар қорытындысы бойынша зертхана және ветеринариялық-санитариялық  сараптама қызметкерлеріне Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Қазақстанның ветеринариялық дәрігерлері Когресінің бірлескен арнайы сертификаты табыс етілді.

    Конгресс жұмысы – отандық агроөндірістік кешен қызметкерлері мен ветеринарлық ғылым мен медицина саласының білікті мамандары арасында екіжақты диалог орнатуға, ортақ кәсіби мәселелерді талқылауға, ауыл шаруашылығы мен өндірісін дамытуға бағытталған инновациялық іс-шараларды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

     Шара барысында отандық ветеринария және шетелдік тауарлардың зооиндустриясы өнімдерінің  көрмесі ұсынылды.

 Пресс-служба КазНАУ