Екібастұз өңірінде бруцеллез бойынша карантин

2015 жылғы 10 наурыз күні Сарықамыс ауылдық округі «Қуандық» фермерлік шаруашылығындағы  ірі қара малды зерттеу кезінде бруцеллезге оң әсер берген 2 сиыр анықталды, ПТ ІP зерттеуі диагнозды нақтылады.

         Екібастұз қаласының басты мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2015 жылғы 31 наурыздағы ұсынысы бойынша «Қуандық» фермерлік шаруашылығына карантин қойылды.

         Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ (Павлодар филиалы)төмендегі малдарға бруцеллезге зерттеу жүргізді:

        2015 жылғы 01 сәуірде 70 бас ірі қара мал – нәтижесі теріс

       2015 жылғы 21 сәуірде 70 бас ірі қара мал -  нәтижесі теріс

       2015 жылғы 18 маусымда 70 бас ірі қара мал - нәтижесі теріс. «Қуандық» фермерлік шаруашылығындағы ірі қара малды бруцеллезден  сауықтыру жұмыстары жалғасатын болады.

 

 

     «Екібастұз қаласы әкімдігінің

ветеринария бөлімі» ММ басшысы                                Т.Садвакасов