«Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020 – 2022 жылдарға арналған АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ

Құрметті сайт қонақтары!

 

  Сіздердің назарыңларызға «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020 – 2022 жылдарға арналған шығыстардың негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратпен қамтылған азаматтық бюджеті ұсынылды.

  Бұл құжат келесі бөлімдерді қамтиды:

          - бюджеттік процестің заңнамалық базасы;

          - шығындарды жоспарлау.

 

Бюджеттік процестің заңнамалық базасы

 

Ветеринария бөлімінің шығыстары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту және (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №195 бұйрығымен бекітілген жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу қағидаларына сәйкес жыл сайын 3 жылдық кезеңге әзірленеді.

          2020-2022 жылдарға арналған «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шығыстары Қазақстан Республикасының келесі заңнамасына сәйкес қалыптастырылған:

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95 IV Бюджет кодексі, 56-бап;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзібасқару туралы» №148 Заңы, 35-бап.

 «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020-2022 жылдарға арналған шығыстары 2019 жылғы 25 желтоқсандағы Екібастұз қалалық мәслихатының (VI шақырылған кезекті  LI сессия) № 406/51 шешімімен 98,9 млн.теңге көлемінде бекітілді, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен түсетін трансферттер 3,9 млн. теңге.

         

Шығыстар

 

 «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020-2022 жылдарға арналған шығыстары мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын іс-шараларды іске асыруға бағытталған.

2020 жылға арналған шығыстар бекітілді. 2021-2022 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер анықталды.

         

 «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджет шығыстарының негізгі бағыттары

                                                                                                          млн. теңге

Атауы

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022

жыл

Шығындар

100,4

98,9

89,8

90,0

Жергілікте деңгейде  ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

24,2

23,1

23,3

23,5

Мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырларының) жұмыс істеуін қамтамасыз ету

12,6

12,6

12,6

12,6

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру

3,8

3,8

3,8

3,8

Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу

56,6

55,4

50,0

50,0

Бейтарап тандырылған (зарарсыз дандырылған) және өңделген, жануарлар даналына тыншикі зат және жануарлар мен адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар даналынаты нөнімдер діңиелеріне өте мақы

3,2

3,9

 

 

  

001. Жергілікте деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

 

         Штат саны - 11,5 бірлік (оның ішінде техникалық персонал - 6,5 бірлік) бөлімді ұстауға 23,1 млн. теңге сомасында шығындар қарастырылған, соның ішінде:

- жергілікті бюджет есебінен – 23,1 млн.теңге;

21 елді мекенде ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

 

005. Мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету

 

Екібастұз аумаағында эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету. Қауіпті ауруларды жоюға бағытталған шараларды жүзеге асыру. Екібастұз өңірінде 16 мал қорымы бар.

007. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды  ұйымдастыру

 

2019 жылы Екібастұз аймағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау–

1404 басты құрады.

011. Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу

 

Екібастұз аймағында эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету. 347636 манипуляция көлемінде жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалау, алдын алу, жою іс-шараларын жүргізу.