Жылжымайтын мүліктің бар, жоғы туралы анықтаманы онлайн қалай алуға болады?

Егер сізге жылжымайтын мүліктің бар/жоғы туралы анықтама қажет болса, ХҚО жүгіруге асықпаңыз, тұрғындар арасында сұранысқа ие анықтаманы egov.kz порталы, egovkzbot 2.0 телеграм-боты және FB мен VK мэссенджерлері арқылы алуға болады.

- Ол үшін электронды үкімет порталынан немесе боттан «Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлiгінің болмауы (болуы) туралы анықтама беру» қызметін таңдайсыз.

- ЭЦҚ-мен онлайн сұрау жасап, анықтаманы кімге сұрататыныңызды белгілесіз.

- Аймақты таңдайсыз.

- Дайын анықтама сіздің жеке кабинетіңізге келіп түседі!