2019 жылы ветеринарлық-алдын алу шаралардың орындалуы нәтижесі туралы

2019 жылғы 20 қарашаға ауыл шаруашылығы жануарларының саны: ірі қара мал -41762 бас, ұсақ тұяқты мал - 35915 бас, жылқы - 21545 бас, түйе-66 бас, шошқа-436 бас.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы жануарларының ветеринарлық-алдын алу іс-шараларына 2019 жылға 56,0 млн.теңге бөлінді.

Егу:

Тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында аймақта жануарлардың аса қауіпті ауруларының 9 түрінің алдын алу барысында ветеринарлық іс-шаралар жүргізілуде, соның ішінде 6 түрі бойынша егу, 2 түрінен аллергиялық зерттеулер және 1 түрі бойынша құрттардан тазарту жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 20 қарашасындағы жағдай бойынша Екібастұз ауданында 10 ай ішінде жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық-алдын алу шараларының жоспары 100% - ға орындалды.

Құтырмаға қарсы: ІҚМ – 1400 бас, ҰТМ – 1200 бас, жылқы – 600 бас, түйе – 40 бас, ит – 700 бас, мысық – 50 бас.

Пастереллезге қарсы: ІҚМ – 2300 бас, ҰТМ-2500 бас, жылқы-1000 бас, шошқа-200 бас.

Сібір жарасына қарсы: ІҚМ – 45000 бас, ҰТМ – 50000 бас, жылқы – 17000 бас, шошқа – 1300 бас, түйе – 100 бас.

Қарасан ауруына қарсы: ІҚМ-27200 бас.

ІҚМ нодулярлық дерматитіне қарсы 45000 бас егілді.

Туберкулезге аллергиялық зерттеу: ІҚМ – 45000 бас, шошқа-1300 бас, түйе – 100 бас.

Жылқыны тұмауға қарсы аллергиялық зерттеу - 1000 бас.

Ет қоректілерді (иттерді) эхинококкозға қарсы құрттан тазарту: 2200 бас.

Ірі қара малды бруцеллезге диагностикалық зерттеу.

Ағымдағы жылдың 20 қарашасындағы жағдай бойынша 10 айда бруцеллезге қарсы төмендегідей диагностикалық зерттеулер жүргізілді:

43082 бас ІҚМ зерттелді, жоспардың орындалуы 100,3% құрады, бруцеллез ауруымен ауыратын 507 бас мал анықталды, санитарлық союға 507 бас тапсырылды, ауру малдардың қалдығы жоқ.

2018 жылдың осы кезеңінде 46422 бас тексерілді, бруцеллез ауруына шалдыққан 723 бас мал анықталды.

2019 жылы 40768 бас ұсақ тұяқты мал зерттелді, 10 ай ішінде жоспар 40671 бас болуымен, орындалуы 100,1% құрады, Ә. Марғұлан атындағы ауылдан бруцеллез ауруымен ауырған саны 2 бас малжойылды, қалған ауру малдар жоқ.

2018 жылдың осы кезеңінде 40700 бас зерттелді, 25 бас бруцеллез ауруы анықталды(Шиқылдақ ауылында анықталды).

ІҚМ жұқтырудың жоғары пайызы келесі ауылдық округтерде анықталды:

ІҚМ бойынша Ақкөл ауылдық округі – 63 бас (1,6%) , 2018 жылы 103 бас (1,2%), Сарықамыс а/о – 53 бас (3,1%), 2018 жылы - 97 бас, Қоянды а/о – 72 бас (жұқтыру 5,7%) , 2018 жылы 181 бас (3,0%), Теміржол а/о - 80 бас (7,8%), 2018 жылы 23 бас, оның ішінде: 2018 жылы – 85 бас, Шиқылдақ а.– 35 бас (1,5%), 2018 жылы-159 бас.

Бруцеллезге оң нәтиже берген ІҚМ - 507 бас ірі қара мал Қашыр ауданы, Тереңкөл ауылындағы «Ет – Бастау» ЖШС жіберілді,«КХ Жаңа ауыл» ЖШСетті қайта өңдеу кәсіпорнына санитарлық союға жіберілді, санитарлық союдан және етті ветеринарлық-санитарлық бағалаудан кейін 33 бас ірі қара малға бруцеллез диагнозы қойылып, иелеріне өтемақы төленді.

Оң нәтиже берген мал иелеріне ақысын өтеу үшін бюджеттен 3204,0 млн. теңге бөлініп, оның 2136,0 млн. теңгесі игерілді, 1068,0 млн. теңге қайтарылды.

Бірдейлендіру:

Жануарларды есепке алу ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің компьютерлік дерекқорында (АЖС) жүзеге асырылады.Барлығы өңірінде 2019 жылғы 20 қарашаға жоспар бойынша 14118 ІҚМ төлі енгізілді, 14362(101,7%) бас енгізілді, жоспар -16500 бас ұсақ тұяқты мал болуымен, 16606 бас (100%) енгізілді, жоспар 4515 бас жылқы болуымен, 4515 бас енгізілді, жоспар 210 бас шошқа болуымен, 474 бас енгізілді, малдыңтүрлерінен барлығы 30718 бас енгізілді.

Ветеринарлық-алдын алу іс–шараларын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасына енгізу 2019 жылдың 10 айында 258 240 манипуляцияны, диагностикалық зерттеулер – 88 320 манипуляцияны құрады.

Екібастұз қаласы әкімдігінің «Қалалық ветеринария станциясы» ШЖҚ КМК ведомстволық бағынысты ұйымы:

1. «Мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринарлық-санитарлық қорытынды беру», ауыл шаруашылығы малдарын союды жүзеге асыратын 11 нысанға ветеринарлық-санитарлық қорытыны берілді.

2. «Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру» -6.

3. «Ветеринарлық анықтама беру» есепті кезеңде-4072 ветеринарлық анықтама берілді.

4. «Ветеринариялық төлқұжат бере отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» №1,2,3 нысан -35644 ветеринарлық анықтама.

Ветеринариялық бөлімшелер:

2017 жылы келесідей тірек ауылда үлгілік 4 ветеринариялық бөлімше пайдалануға берілді: Ақкөл, Төртүй, Ә.Марғұлан атындағы ауыл, Шиқылдақ ауылы, 73 млн. 709 мың теңге.

2018 жылы Шідерті, Қоянды, Бесқауға және Байет ауылдарында үлгілік 4 ветеринариялық бөлімше салу жоспарланған болаты

Мал қорымдары және сібір жарасы көмінділері:

Ауданда 16 мал қорымы бар, барлығы бір үлгіде, қарапайым мал қорымдары жоқ. Ағымдағы жылы мал қорымдарын ұстауға жергілікті бюджеттен 12,637 млн.теңге бөлінді. Барлық 7 ошақ тиісті түрде ресімделіп, ветеринарлық станцияның теңгеріміне берілді.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бекітілген кесте және жазбаша өтінімдер бойынша жүргізіледі. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға 3780,0 теңге бөлінді, 3 180 000 теңге игерілді, яғни 84%. 1017 бас қаңғыбас ит, 30 бас мысық ауланып, жойылды. Олардың көбеюіне жол бермеу мақсатында иттер мен мысықтарды ұрықсыздандыру жүргізіледі.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі»

ММ басшысы                                                                              Е.Уразалимов