Шиқылдақ ауылындағы қарасан ауруы бойынша карантин туралы

Қарасан - ірі қара малдың аса қауіпті жұқпалы ауруы, ауыр түрде өтеді. Аурудың негізгі белгілері-қызба, дененің жекелеген бөліктерінде бұлшық ет тіндерінде ісінудің пайда болуы, соның салдарынан ісінуді, аяғы ақсайды.

Жұқтыру көзі - қоршаған орта, бұл топырақ, азық, су және ауру жануарлармен байланыс. Қарасанмен 3 айдан 4 жылға дейінгі төлдер ауырады.

Анаэробты таяқшалар 36-30 градус Цельсий қызуында оттегінің жетіспеуінсіз дамуы және өсуі мүмкін, сондықтан өлексілерде зиянды споралар пайда болады, осыған байланысты ірі қара малдың өлексілерін  ашуға болмайды. Союға қатаң тыйым салынады. Өліммен аяқталған жағдайда өлексіні өртейді. Қарасан - маусымдық ауру, жазғы және күзгі кезеңдерде байқалады.

Екібастұз қаласының ветеринария бөлімі 2019 жылғы 10 қазанда Павлодар облысы Екібастұз қаласының Шиқылдақ ауылының «Беркат» шаруа қожалығына эпизоотиялық тексеру жүргізді.

Шаруашылықта 148 (жүз қырық сегіз) бас ірі қара мал бар (осы жылдың бұзауы - 43 бас, 4 жасқа дейінгі ірі қара мал-80 бас). Күтілуі байлаусыз, азықтандыру және суару - табиғи жайылымдарда. Ауру жануарлар мал қорасында жеке ұсталынды, басқа жануарлармен байланыста болған жоқ.

5 бас ауру жануарға клиникалық тексеру жүргізілді, қызуы қалыпты жағдайда, мұрын жұтқыншақтан сілекейлер аққан жоқ, оның ішінде бір баста алдыңғы оң аяғының ақсауы және оң жақ жауырынның аумағында ісіктің болуы байқалды, содан кейін 15мл дозада «Пен-Стреп» бұлшықет ішіне екпе жасалды.

 6 бас ірі қара мал ауырды, өлгені-1 бас, бір жасқа дейін.

Жануардың өлігі, төсеніштер мен жем қалдықтары өртеу жолымен жойылды.

Мал шаруашылығы фермасына бөгде адамдар келген жоқ, фермада тек қызмет көрсетуші құрам ғана болады. Құрам арнайы киіммен, шаруашылық - зарарсыздандыру құралдарымен, ветеринарлық препараттармен қамтамасыз етілді. Оларды сақтау шарттары дұрыс орындалды.

Санитарлық өткізу кезінде қалқасы бар үлгілік дезбарьер бар.

ІҚМ сібір жарасына қарсы егілді, ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде 100 бас ірі қара мал қарасанға қарсы егілді. Ветеринарлық іс-шаралар жоспарына сәйкес бруцеллезге, лейкозға, хламидиозға серологиялық зерттеулер жүргізілді, нәтижелері теріс болды.

Бұрын ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК-ға және ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК-ға қарасанға зерттеу үшін өлген жануардан патологиялық материал жіберілді. Диагнозы екі рет расталды.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» ММ хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 18 қазанында эпизоотологиялық акті негізінде  ҚР АШМ ВБҚ және Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясы Шиқылдақ ауылының әкіміне қарасан бойынша карантин салу туралы шешім қабылдауға ұсыныс берді.

Сараптама актісіне (сынақ хаттамасына) сәйкес 2019 жылғы 14 қазандағы № SO-19-SO312-04322-A-D ШЖҚ РМК филиалының ПОФ. Шиқылдақ ауылының әкіміне 18.10.2019 жылғы № 2-04/111 Шиқылдақ ауылының «Беркат» шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың қарасаны бойынша карантиндік іс-шаралар белгілеу туралы ұсыныс жіберілді.

Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің «Беркат» шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы шешімі НҚА порталының көпшілік талқылауында 2019 жылғы 24 қазан-2019 жылғы 7 қараша аралығында болды.

Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің 2019 жылғы 25 қарашадағы №1 шешімімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 3 № 6646 болып тіркелген, Шиқылдақ ауылының «Беркат» шаруа қожалығында карантин белгіленді.

Жануарларды, жемдерді әкелуге және әкетуге, шаруашылық аумағына бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады.

Ауру жануарлардың сүтін тамаққа пайдалануға, ауру жануарларды етке союға, өліктерді союға және өлген жануарлардың терісін алуға жол берілмейді.

Мал дәрігері жануарларды үнемі бақылап, дер кезінде диагностика жасап,  клиникалық белгілері бойынша анықтап, ауру жануарларды оқшаулауы қажет.

Күнделікті термометрия жүргізу, кейіннен деректерді амбулаториялық журналға тіркеуі тиіс.

Шаруашылық жүргізуші субъектіні қарасан бойынша қолайлы деп жариялайды және одан карантин жануардың соңғы сауығуы немесе қарасаннан болған күннен бастап және қорытындылық зарарсыздандыру жүргізілгеннен кейін 14 күнтізбелік күннен кейін  карантин алынады.

Қарасан ірі қара малға немесе мал шаруашылығы саласындағы кәсіпорындардың экономикасына елеулі зиян келтіреді.

Алайда, егер тез және уақытылы әрекет етсе, табынды қауіпсіздендіруге және ауру жануарларды емдеуге болады.

Бүгінгі күні «Беркат» шаруа қожалығында эпизоотологиялық жағдай қолайлы. Өлген жануарлар жоқ, аумағы тексерілді. Иесінің айтуы бойынша және клиникалық белгілері бар жануарларды қарау кезінде қарасан анықталған жоқ. Шаруа қожалығы ветеринария бөлімінің тұрақты бақылауында.