«Ветеринарлық анықтама беру» мемлекеттік қызметі

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы «Ветеринарлық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты» № 7-1/418 бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» ММ ведомствоға қарасты ұйымы «Екібастұз қаласының ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады (Екібастұз қаласында – қалалық ветеринарлық станция, ауылдық аймақта – ветеринарлық бөлімшелер).

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері – көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап жүгінген күні ішінде.

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің бірегей автоматтандырылған басқару жүйесі Web - порталы арқылы көрсетіледі. Нәтижесі-ветеринарлық анықтама.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіне жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде орналасқан) және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) жатады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның аты-жөні көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

  1. Жануардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың шыққан жерінің эпизоотиялық жағдайының өзгеруі.
  2. Жануардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың шыққан (тұрған) жерінің қолайсыз аймағын белгілеу тәртібін белгілейді.
  3. Жануардың жеке нөмірінің болмауы.
  4. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, көлік құралының ветеринарлық-санитарлық қағидалар мен талаптарға сәйкес келмеуі.

Азаматтарды қабылдау мереке және демалыс күндерін қоспағанда, күн сайын жүзеге асырылады.

Сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Мекенжайы: 141204, Екібастұз қ., Гридин к-сі, 43/60 -үй.

Телефоны: +7 (7187) 75-25-53  Email: gorvet888@mail.ru