Адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті жұқпалар туралы дөңгелек үстел

          «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» ММ 2019 жылғы 24 қыркүйекте «Екібастұз қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ-мен бірлесіп адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті жұқпалар туралы дөңгелек үстел өткізді.

Талқылауға эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы З.Д.Абденова, аймақтың ветеринарлық қызметінің басшылары: ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясының басшысы Т.К. Жакенов, ветеринария бөлімінің басшысыЕ.К.Уразалимов, ветеринарлық станцияның директорыК.Х.Турумтаев, биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдау және жинау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері К.М.Қаңтарбаев және аймақтың ветеринарлық мамандарқатысты.

Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы Зоя Дүйсембекқызы Абденова Қазақстан Республикасындағы, Павлодар облысындағы, Екібастұз аймағындағы сібір жарасы мен құтырма ауруларының эпидемиологиялық жағдайы туралы айтып өтті.

          Ағымдағы 2019 жылдың басынан бастап Екібастұз өңірінің тұрғындары арасында сібір жарасы мен құтырма ауруы тіркелген жоқ.  Ағымдағы жылдың тамыз айында Ақмола облысында адамдар арасында сібір жарасының 5 жағдайы тіркелді. Жұғу ауру ірі қара малды малды дәрігерлік куәландырусыз өздігінен союдан болған.

Жылдың жаз мезгілінде маман ауылдық елді мекендерен сібір жарасына топырақты іріктеу бойынша мониторинг жүргізеді, топырақты іріктеу - 30, нәтижелері теріс.

  2019 жылы 6 адам егілді, олар ет өңдеу кәсіпорындарының,  қасапханалар мен мал сою алаңының қызметкерлері.

2019 жылы декреттелген кісі құрамын қайта егуге 70 адам жатады, оның ішінде бүгінгі күні 12 адам егілді, қалғандары жоспар бойынша жыл соңында қамтылатын болады.

        Егу және қайта егу мерзімдері сақталады, 2019 жылға егу және қайта егу жоспары орындалады.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Түркістан облысында 2011 жылы туылған баладан өліммен аяқталған құтырма ауруының 1 жағдайы тіркелген.

Облыс бойынша эпизоотиялық және эпидемиялық қолайсыз жағдай аясында ағымдағы жылдың І жартыжылдығында Екібастұз ауданынында 189 адам антирабиялық көмекке жүгінді.

Павлодар облысында, Екібастұз ауданында 2019 жылы адамдар арасында құтырма ауруының оқиғасы тіркелген жоқ. Соңғы тіркеу 2015 жылы Павлодар облысының Ақсу ауылдық аймағында болған.

Екібастұз қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қала әкімдігінің ветеринария бөлімімен, ветеринарлық инспекциямен, ветеринарлық станциямен аса қауіпті және карантиндік жұқпалар мәселелері бойынша үнемі өзара ақпаратпен алмасып отырады.

ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясының басшысы Төлеубек Қасымұлы Жәкенов.

Жыл сайын жануарлар арасында құтырма күдігі елді мекендерде тіркеледі, онда үй және жабайы жануарлармен қарым-қатынас фактілері байқалады. Құтырма вирусының табиғаттағы тұрақты айналымын ескере отырып, ауылдық елді мекендерде жануарлар арасында құтырма күдігін тіркеу оның табиғи ошақтарға жақындауымен анықталады.

Жүргізілген екпенің сапасына ерекше назар аудару қажет. Қалалық ветеринарлық станциямен жүргізілетін ветеринарлық-алдын алу шаралары ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің деректер базасына уақытылы енгізілуі тиіс.

Көктемде еріген сулардың салдарынан су басу қаупі бар сібір жарасы ошақтары қауіп төндіреді. Бұл Зеленая роща және Қаражар ауылдарында. Мал жаю орындарына бақылауды күшейту қажет.

Ветеринария бөлімінің басшысы Ержан Қабдрашитұлы Уразалимов.

Алдын алу, эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы іс-шараларды күшейту мақсатында 23 қыркүйек пен 23 қазан аралығында Павлодар облысында құтырманың алдын алу айлығы  жарияланды.

Аймақтың ветеринарлық қауіпсіздігін сақтау үшін жыл сайын жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қалыптасқан эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, 8 ауру түрі бойынша ветеринарлық-алдын алу шаралары және диагностикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Өңірде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келетін үлгілік 16мал қорымы бар.

Сібір жарасы көміндісінің ошақтары бар ауылдық округтерде 1000 метр қашықтықтағы аймақтарға кез келген жер жұмыстарын жүргізуге болмайды. Барлық 7 ошақ тиісті түрде ресімделіп, ветеринарлық станцияның балансына берілді.

Қаңғыбас жануарларды аулау жүйелі түрде жүргізіледі.

Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен ізгілік әдістерге, атап айтқанда, өсуіне жол бермеу мақсатында бұралқы иттер мен мысықтарды кестіру және ұрықсыздандыру үшін қаржы бөлінді.

Тауарлардың, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен әрі Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлескен  іс-шаралар жоспары әзірленді, оған сәйкес барлық қажетті жұмыстар жүргізілетін болады.

К. Х. Турумтаев-   ветеринарлық станцияның директоры.

Ауыл шаруашылығы жануарларын егу, сондай-ақ диагностикалық, аллергиялық, бактериологиялық зерттеулердің барлық түрлері мерзімінде орындалуда.

Сібір жарасы көміндісінің 7 ошағына «Абайлаңыз сібір жарасы» деген жазуы бар қоршаулар орнатылды.

Нысандарды жөндеу барысында жүргізілген жұмыстар: сырлау, тақтайшаларды ауыстыру, қазу. Мал жаю орындары бойынша ауыл тұрғындарымен  жиын өткізілді.

Ай сайын үлгілік 16 мал қорымы аумағын екі рет зарарсыздандыру  және санитарлық тазалау жүргізіледі. 

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бекітілген кестеге сәйкес және жазбаша өтінімдер арқылы жүргізіледі.

Ветеринарлық заңнамаға сәйкес әкелінетін және әкетілетін ауыл шаруашылығы жануарлары үнемі бақылауда болады.

Жоспарға сәйкес, Екібастұз қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы әрі аймақтың ветеринарлық қызметі барлық қол жетімді ақпарат құралдары мен түрлерін пайдалана отырып, құтырманың алдын алу және эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру, сібір жарасы мен құтырма ауруының алдын алу туралы санитарлық-ағартушылық жұмысарды күшейту шешімін қабылдады.