Құтырманың алдын алу

Алдын алу, эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы шараларды күшейту мақсатында 23 қыркүйек - 23 қазан аралығында Павлодар облысында құтырманың алдын алу айлығы жарияланды.

Құтырма – қоздырғышы түйісу арқылы (етқоректі жануарлардың қауып алуы және сілекейін жұқтыруы арқылы) берілетін жіті зооноздық, табиғи-ошақтық, вирустық жұқпалы ауру. Бұл ауру орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады. Клиникалық белгілері: қоздырылған күй, агрессия, су, ауа, дыбыс, жарық қоздырғыштарына жоғары сезгіштік. Ауру әрқашан өліммен аяқталады.

Құтырмамен жануарлар да, адамдар да ауырады.

Қараусыз қалған иттер, мысықтар және жабайы жануарлар құтырма таралуының негізгі көзі болып табылады.

Құтырмаға қарсы іс-шаралар: иттер мен мысықтарды ұстауды ретке келтіру, үй жануарларын кезбе және жабайы жыртқыш жануарлардан қорғау, иттерге, мысықтарға және басқа да жануарларға алдын алу вакцинасын салу.

Үй жануарлары жабайы жануарлардан зардап шеккен жағдайда ветеринарлық маманды шұғыл хабарландырған жөн.

Қауып алған жануарды өлтіруге болмайды, себебі оны ветеринар маманы құтырма ауруын анықтау үшін 10 күн бойы бақылауда ұстауы қажет.

Адам жануардан жарақат алған жағдайда жараны алғашқы тазартудан өткізген жөн: жараның бетін сабынды сумен шайып, жараның жиегін спиртпен немесе йод ерітіндісімен зарарсыздандыру. Жараның бетіне таңғыш салып, дәрігердің көмегіне жүгіну керек.

Медициналық мекемелерде құтырма ауруының алдын алу шаралары жүргізіледі, алдын алу екпелерінің бағытын белгілеп, білікті хирургиялық көмек көрсетеді.

Антирабиялық екпелер құтырма ауруының алдын алудың жалғыз құралы болып табылады. Егер тістеуден зардап шеккен адамға дер кезінде антирабиялық көмек көрсетпесе, онда оған көмектесуге болмайды. Жануарлар арасындағы алдын алу шаралары құтырмаға қарсы егу болып табылады. Негізінен жануарларды тістеу себебі иттерді ұстау және серуендету болып табылады.

         Дәрігер тағайындаған екпелерді толық және үзіліссіз алу керек.

         Әрбір өтіп кеткен күн денсаулыққа қауп төндіретіндігін есте сақтаңыз. 

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі»   ММ

«Екібастұз қалалық сапаны бақылау және

тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі

басқармасы» ММ