Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және Екібастұз аймағының тұрғындарына сату үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сою туралы

           Екібастұз өңірінің сауда орындарынан мал шаруашылығы өнімдерін сатып алған кезде өнімдердің қауіпсіздігіне көз жеткізіңіз, сатушыдан ветеринарлық анықтаманы (сертификатты), сондай-ақ осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын ветеринарлық зертханалар беретін мал шаруашылығы өнімдерін сараптау актісін беруді талап етіңіз.

          Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» № 339 Заңының 22-бабының 5-тармағына сәйкес, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізбей өткізуге тыйым салынады.

Ауыл шаруашылығы жануарларын тірі салмақта сатып ала отырып, сатушыдан жануарға қажетті екпелерді алуының көрсетілуімен, ветеринарлық төлқұжаттың және ветеринарлық анықтаманың болуын талап етіңіз.

Жануарларды сою кезінде ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтауды, союды тек белгіленген орындарда ғана жүзеге асыруды сұраймыз, ҚР АШМ 2015 жылғы 27 сәуірдегі №7-1/370 бұйрығымен бекітілген «Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру ережесіне» сәйкес, жануарларды сою кезінде ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтауды, мал дәрігерлерінің термометрия жүргізуімен жануарды сою алдында ветеринариялық тексеруден кейін тек белгіленген орындарда союды жүзеге асыруды сұраймыз.

Кейіннен сатуға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сою қасапханаларда немесе ет өңдеу кәсіпорындарында жүзеге асырылады, пункттері немесе ет өңдеу кәсіпорындары болмаған жағдайда ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында жүзеге асырылады, мал сою алаңдары немесе ет өңдейтін кәсіпорындар болмаған жағдайда, ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында жүзеге асырылады. Екібастұз өңірінде 6 ауыл шаруашылығына арналған 6 мал сою нысаны жұмыс істейді, оның ішінде 1-і «КХ Жаңа-ауыл» ЖШС қасапханасы және 5 мал сою алаңы ауылдық округтерде орналасқан.

Екібастұз аумағындағы қасапханалардың тізімі:

р/с

Қасапхананың

атауы

объекта  убоя

Мал сою нысанының түрі (МПП,УП,УПЛ)

Елді мекеннің орналасқан жері

1

«К/Х Жаңа-ауыл» ЖШС

ЕӨК

Екібастұз қ.,

Пшембаев к, 2/1

2.

«Болат» ШҚ

қасапхана

Бесқауға а.

3.

«Сельхозник» ШҚ

қасапхана

Солнечный к.

4

«Куандык» ФҚ

қасапхана

Сарықамыс а.

5.

«Табыс» ШҚ

қасапхана

Зелен.роща а.

6.

«Жақсыберген» ШҚ

қасапхана

Солнечный к.