Екібастұз өңіріндегі бұралқы иттер мен мысықтарды аулау туралы ақпарат.

         Екібастұз қаласының аумағында қаңғыбас иттердің көп болуына байланысты, иттер мен мысықтарды күту және серуендету  Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 21 қарашадағы № 280/25 шешімімен реттелетіндігін өңір тұрғындарының есіне саламыз.

         Осы Ережені бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауап береді.

         Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт негізінде «Екібастұз қаласының ветеринарлық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының  білікті ветеринар мамандарымен  тұрақты түрде жүзеге асырылады.

         Жоспарлы аулау кестеге сәйкес, негізінен күннің ерте уақытында, қауіпсіздік техникасының сақталуымен жүргізіледі. Ережеге сәйкес, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға және жоюға арналған жазбаша өтініштер заңды және жеке тұлғалардан қабылданады.

         Аулау жұмыстары Екібастұз қаласында ғана емес, барлық ауылдық округтерде (11 аудан) және екі ірі кентте (Солнечный және Шідерті) жүргізілуде.

         Сондай-ақ, қала ішінде тасталған және ауру (емдеуге жатпайтын) жануарларды және  өлекселерін жою ветеринарлық клиникаларда (эвтаназия) жүргізіледі.

         2019 жылғы 7 айдын жағдайы бойынша 936 бас қаңғыбас ит пен мысық ауланып, жойылды, соның ішінде ауылдық округтерде 162 бас.

          Қала тұрғындарының барлығына төрт аяқты үй жануарларын қала көшелеріне лақтырмауға шақыру, егер үйде күту мүмкіндігі болмаған жағдайда, еріктілерге хабарласыңыздар, мекенжайлары инстаграм мен ғаламторда бар. Үй жануарларын күтуге бақылауды күшейтіңіз, тек белдеулермен және қарғыбаумен жүріңіз, әйтпесе олар үйсіз болып саналады әрі олар аулауға жатады.

       Азаматтарды қабылдау мереке және демалыс күндерінен басқа, күн сайын жүргізіледі.

           9-дан 18-ге дейін, түскі үзіліс  1-ден  2-ге дейін.

           Мекенжайы: 141204, Екібастұз, ул. Гридин, 43-үй.

           Телефоны: +7 (7187) 75-25-53, 34-73-66. 

 

                        Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі