Екібастұз аймағындағы бруцеллез аурушаңдығы бойынша эпизоотиялық жағдай

Екібастұз қаласында және оның ауылдық аймағында тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында жануарлардың аса қауіпті ауруларының 9 түрінің алдын алу бойынша ветеринарлық іс-шаралар жүргізіледі, оның ішінде 6 түрі бойынша екпе, 2 түрі бойынша аллергиялық зерттеулер және 1 түрі бойынша құрттан тазарту жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығы бойынша бруцеллезге келесідей диагностикалық зерттеулер жүргізілді:

21516 бас ІҚМ зерттелді, 6 ай ішінде жоспар бойынша 20720 Бас, жоспардың орындалуы 104 % құрады, бруцеллезбен ауыратын 413 бас мал анықталды,  416 бас санитарлық союға тапсырылды, ауру малдардың қалдығы  жоқ.

2018 жылдың осы кезеңінде 24522 бас зерттелді, бруцеллез ауруымен ауыратын 493 бас мал анықталды.

21052 бас ұсақ мүйізді мал зерттелді, 6 ай ішінде жоспар бойынша 20484 бас, орындалуы 103% құрады, Ә. Марғұлан ат. ауылда бруцеллез ауруымен ауырған 2 бас мал анықталды, 2 бас жойылды, қалған ауру малдар жоқ.

2018 жылдың осы кезеңінде 26957 бас тексерілді, бруцеллез ауруына шалдыққан 25 бас мал анықталды (Шиқылдақ ауылында).

Ветеринария бөлімімен ет өңдейтін кәсіпорындармен оң нәтиже берген малдарды тапсыруға меморандум жасалды.

«Темирком» ЖШС, Павлодар ауданы, Черноярка ауылы;

«Ет-Бастау» ЖШС, Қашыр ауданы, Тереңкөл ауылы;

«КХ Жаңа-ауыл» ЖШС, Екібастұз қаласы.

Келесі ауылдық округтерде ірі қара малдың жұғу пайызының жоғары болуы анықталды:

Ақкөл ауылдық округінен ІҚМ бойынша -63 бас (1,6%), 2018 жылы – 66 бас (1,2%), Сарықамыс а/о - 53 бас (3,1%), 2018 жылы – 0 бас, Қоянды а/о - 72 бас (жұқтыру 5,7%), 2018 жылы-174 бас (3,0%), Теміржол а/о-80 бас (7,8%), 2018 жылы-23 бас, 2018 жылы Ә.Марғұлан атындағы ауылда– 25 бас, Шиқылдақ а.– 35 бас (1,5%), 2018 жылы-39 бас.

Бруцеллезге қарсы егу

Қазақстан Республикасының аумағында бруцеллезге қарсы вакцинациялауға жол беріледі. Бруцеллезге қарсы екпе қолданғанға дейін 20 күнтізбелік күн бұрын ауыл шаруашылығы жануарлары диагностикалық зерттеуге тартылады. Бруцеллезге қарсы екпелерді сатып алу және оларды қолдану жануарлар иесінің есебінен жүргізіледі. Бруцеллезге қарсы екпені таңдау жануарлардың иелерімен жүзеге асырылады.

Жануарлардың иесі Екібастұз қаласы ветеринария бөлімінің ветеринарлық дәрігерін жануарларды егу басталғанға дейін кемінде 7 күнтізбелік күн бұрын екпе жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.

Қазіргі уақытта 450 бас РБ-51-мен егілді, РБ-51 екпесі жасалған соң екі аптадан кейін иммунитет пайда болады, екпені зерттеу үшін қан алуға болады, екпе жұқпалы ауруларды анықтайды.

Сондай – ақ, ауылдық округтерде және Екібастұз қаласында мал қора-жайларына зарарсыздандыру жүргізілді - 4551 шаршы метр. Бүгінгі күні фермалардың, кәсіпорындардың және халықтың жеке аулаларының аумақтарын өңдеу жалғасуда.

Зарарсыздандыру

Зарарсыздандыруды Екібастұз қаласы ветеринарлық станциясының ветеринарлық мамандары Дук арнайы машинасы арқылы жеке тұлғаларға (ЖҚШ, ШҚ, ФҚ) бір шаршы метрінің бағасы 50 теңгеден және заңды тұлғаларға (ЖШС) шаршы метрінің бағасы 100 теңгеден ақылы негізде жүргізеді.

Ішкі сауда нысандары күнделікті тұрақты бақылауда.

Екібастұз қаласы бойынша ішкі сауда объектілерінде (базарларда) бақылауды 3 жеке ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханасы жүзеге асырады, әрбір объектіге Екібастұз қаласы ветеринария бөлімінің мемлекеттік ветеринарлық дәрігері бекітілген.

Бүгінгі күні бруцеллез бойынша эпизоотиялық жағдай қолайлы.

 

 

    «Екібастұз қаласы әкімдігінің

       ветеринария бөлімі» ММ

басшысының міндетін атқарушы                               Е.Уразалимов