2018-2019 жылдары Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау әрі жою туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 21 қарашадағы № 280/25 шешімімен бекітілген, Павлодар облысының аумағындғы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларына сәйкес, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюмен Екібастұз қаласының ветеринарлық станциясы айналысады.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау кестесіне сәйкес немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша Екібастұз қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау тұрақты жүргізіледі.

Аулаудың рұқсат етілген құралдарына тиісті сертификаты бар, жансыздандыратын дәрі-дермектердің қолданылуымен, пневматикалық қару, желілер, торлы дорбалар-қақпандар, сондай-ақ басқа да құралдар мен жабдықтар жатады.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою туралы ақпарат қалалық «Голос Экибастуза», «Отарқа» газеттерінде орналастырылады.

Кәмелетке толмаған балалардың көзінше иттер мен мысықтарды аулауға немесе жоюға жол берілмейді.

Екібастұз қаласында жануарларды мамандандырылған немесе уақытша ұстау мекемелері жоқ. «Бақытты болу құқыығы» жануарларға көмек көрсету қоғамдық қоры бар, еріктілер.

Қор қызметінің мәні: Екібастұз қаласындағы қараусыз қалған жануарлардың проблемаларын барлық мүмкін болатын және қолжетімді адамгершілік, оның ішінде шартты түрде қараусыз қалған және үй жануарларын жаппай ұрықсыздандыруға бағытталған тәсілдердің қолданылуымен шешу.

Жыл сайын жергілікті бюджеттен қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау үшін қаржы бөлінеді.

2019 жылы қаңғыбас иттерді аулауға 3 780 000 теңге бөлініп, 1 317 000 теңгесі игерілді. Бүгінгі күні 535 бас қаңғыбас иттер мен 39 бас мысық ауланды. Екібастұз қаласының «Бақытты болу құқығы» Қоғамдық Қоры еріктілерінің өтініші бойынша қала әкімі еріктілерді қолдады.

2019 жылы қала бюджетін кезекті нақтылау кезінде үйсіз иттер мен мысықтарды зарарсыздандыру үшін 1 000 000 теңге сомасындағы қосымша қажеттілік қалалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылатын болады. Бөлінген соң баға ұсынысына сұрау салу әдісімен мемлекеттік сатып алу жарияланатын болады.

 2019 жылдың мамыр айында бюджетті нақтылау кезінде иттер мен мысықтарды ұрықсыздандыруға 1 000 000 теңге бөлу қарастырылды.

2018 жылы 5 780 000 теңге бөлінді, осы сомадан 1 000 000 теңге ұрықсыздандыруға аударылды, 2018 жылы 1286 бас қаңғыбас ит және 279 бас мысық ауланды, 62 бас ит пен 88 бас мысыққа зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

2018-2019 жылдары иттер мен мысықтарды иелеріне қайтару болған жоқ.

Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласының ветеринарлық станциясы» ШЖҚ КМК 007 «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 2019 жылға арналған есеп.

Бір бас итті аулау үшін-3000 теңге бөлінеді, еңбекақы төлемі 1560 теңгені құрайды (52%), басқа да қорларды сатып алу – 1086 теңге (36,2%), қалғаны – 354 теңге (12%) - (салық).

2019 жылдың 5 айында иттің қабуы – 144. Оның ішінде белгілі жануарлардан 76 адам, қаңғыбас жануарлардан 38 адам зардап шекті.