Бруцеллез бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат

Тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында ауылдық округтерде жануарлардың аса қауіпті ауруларының 9 түрінің алдын алу (егу) бойынша ветеринарлық іс-шаралар жүргізіледі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезіне диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.

Ағымдағы жылғы 29 мамырдағы жағдай бойынша бруцеллезге жүргізілген диагностикалық зерттеулер:

Ірі қара мал бруцеллезіне диагностикалық зерттеу жүргізу жоспары – 20720 бас, жоспар бойынша 5 ай ішінде 15262 бас болуымен 17977 бас зерттелді, жоспардың орындалуы 114,7% құрады. Бруцеллез ауруымен ауыратын 401 бас мал анықталды (жұқтыру 2,5%).

Анықтама: 2018 жылдың осы кезеңінде 14991 бас зерттелді, 345 бас бруцеллезбен ауырған мал анықталды (жұқтыру 1,6%).

Бруцеллезбен ауырған малдарды ет өңдеу кәсіпорындарына тапсыру, 332 бас санитарлық союға тапсырылды, оның ішінде Ет-бастауға 108 бас ІҚМ, « КХ Жаңа ауыл» ЖШС-236 бас, өз қажеттіліктері - 6 бас, қалдық – 51 бас.

ІҚМ жұқтырудың жоғары пайызы келесі ауылдық округтерде анықталды:

ІҚМ бойынша Ақкөл ауылдық округі-53 бас (1,9%) 2018 жылы 66 бас (1,2%), Сарықамыс а/о53 бас (3,1%), 2018 жылы - 0 бас, Қоянды а/о – 72 бас (жұқтыру 5,7%), 2018 жылы 174 бас (3,0%), Теміржол а/о - 80 бас (7,8%) 2018 жылы 23 бас, Ә.Марғұлан ат. а.-38 бас (2,5%), 2018 жылы – 25 бас, Шикылдақ -35 бас.

Бруцеллезге диагностикалық зерттеудің жылдық жоспары – 20484 бас, 5 ай ішінде жоспар бойынша 15518 бас болуымен 16721 бас зерттелді, орындалуы 108% құрады, бруцеллезбен ауыратын 2 бас мал анықталды (жұқтыру 0,001%), өртеу жолымен жойылғаны - 2 бас, қалғандарында ауру малдар жоқ.

Ұсақ мүйізді малды бруцеллезге диагностикалық зерттеудің жылдық жоспары – 20484 бас, 5 ай ішінде жоспар бойынша 15518 бас болуымен 16721 бас зерттелді, орындалуы 108,0% құрады.

15812 бас ұсақ мал зерттелді, жоспар бойынша – 15518 бас (108,0%), бруцеллез ауруымен ауыратын 2 бас мал анықталды (жұқтыру 0,001%), өртеу жолымен жойылғаны – 2 бас, қалғанында ауру малдар жоқ.

Анықтама: 2018 жылдың осы кезеңінде 21707 бас зерттелді, 25 бас анықталды (жұқтыру 0,01%).

Ірі қара мал мен ұсақ малдардың бруцеллезін анықтау қарқыны - жыл сайын ірі қара малдардың бруцеллезі артуда.