Ауылдық аймақтардағы малдарды бруцеллез ауруына тексеру

        Бруцеллез-ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлардың жұқпалы созылмалы ауруы. Аурудың қоздырғышы-бруцелланың бактериялары, ол алты түрге бөлінеді. Адам үшін ең қауіпті қоздырғыш - Brucella melitensis (қой) .

         Жануарлар бруцеллезінің клиникалық ағымы әртүрлі болып сипатталады. Негізгі белгісі-іш тастау, ол іш тасталған ұрықпен, ұрық жанындағы сулармен, плацентамен, жыныс мүшелерінен бөлінумен бірге бруцеллалардың жаппай және ұзақ бөлінуімен бірге жүреді. Бруцеллалар ауру жануарлармен несеппен және сүтпен бөлінеді. Жануарлардың тері жабындары, қоралар, төсеніштер, жем қалдықтары, күтім заттары, үй-жайлар, жайылымдар және суару орындарында жұқпа пайда болады. Ол сондай-ақ латентті түрде өтіп, арнайы тексеру кезінде ғана табылуы мүмкін. Адамдар үшін инфекция қоздырғышының негізгі көзі ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері болып табылады. Бруцеллезді жұқтыру жолдары әртүрлі. Жұқтыру көбінесе байланыста (ауру жануарлармен немесе шикізатпен және жануарлардан алынатын өнімдермен) немесе алиментарлы  жолымен болады.

         Бруцеллезді инфекция кезіндегі эпизоотияға қарсы іс-шаралар кешенді, уақтылы және нақты орындалуы тиіс әрі негізгі буындары жұқпа көзі (ауру жануар), ауру қоздырғышының берілу механизмі (инфекцияның берілу факторлары және таратушылары) және оған сезімтал ағза (сау жануар, адам) болып табылатыны белгілі,  эпизоотиялық тізбектің үзілуіне бағытталуы тиіс.

        Ауру мал-ағзасында бактериялық әдіспен немесе полимеразды - тізбекті реакциямен (бұдан әрі-ПТР) зерттеу нәтижесінде жануардан алынған биологиялық (патологиялық) материал анықталған немесе жануарды сойған кезде (лимфа түйіндерін және ішкі (паренхиматозды мүшелерді) немесе іш тасталған ұрықтан алынған ауру қоздырғышы анықталған жануар.

Жануарлардың бруцеллезі кезіндегі диагностика әдістері

КБР-комплиментті байланыстыру реакциясы, аглютинация реакциясы, КҰБР-комплиментті ұзақ байланыстыру реакциясы.

ІҚМ, ҰҚМ 12 айлық жастан бастап-екі рет (көктемде, күзде).

Қалған бөлігі жылына 1 рет.

       Жануарлардың бруцеллезбен ауруының ерекше алдын алу үшін Қазақстан Республикасында немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген және ХЭБ (халықаралық эпизоотиялық бюро) ұсынған вакциналар қолданылады.

РБ-51 екпесі.

Ірі қара малға арналған B.abortus 19 штамындағы екпе.

Ұсақ мүйізді малға арналған B.melitensis Rev-1 штамындағы екпе.   

        Бруцеллезге бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін биологиялық материал немесе полимеразды-тізбекті реакция әдісі қолданыла отырып ұрықтың іш тастауы алынады.

        Жануарларда аурудың болмауы, жұқпаның болмауының дәлелі болып табылмайды, өйткені ол белгілі бір аурудың таралу аймағында жұқпаның болуына байланысты болады.

        Сондықтан адамның денсаулығы мен жануарлардың саулығы үшін күрес, олардың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ветеринарлардың, медициналық қызметкерлердің, ауылдық округ әкімдерінің, мал иелерінің қатысуымен әрі учаскелік инспекторлардың бірлескен күшімен жүзеге асырылуы тиіс.