Ет қайта өңдеу кәсіпорындарының бруцеллез малдарды қабылдайтын бағасы туралы

Бруцеллез жұқпасы кезіндегі эпизоотияға қарсы іс-шаралар эпизоотиялық тізбектің үзілуіне бағытталуы тиіс, оның негізгі буыны, яғни жұқпа көзі-ауру жануар болып табылатыны белгілі.

Бруцеллездің таралуына ықпал ететін факторлардың бірі -бруцеллезбен ауыратын жануарларды ет өңдейтін кәсіпорындарға уақтылы өткізбеу және белгіленбеген орындарда сою, мысалы қасапханаларда емес аулаларда сою.

Ауру жануарлар етті қайта өңдеу кәсіпорындарында немесе мал сою алаңдарында сойылуы тиіс.

Өңірде ауыл шаруашылығы малдарын союға арналған 6 нысан бар, оның ішінде «КХ Жаңа ауыл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 1 мал сою алаңы бар және 5 мал сою алаңы ауылдық округтерде орналасқан.

Бруцеллез малды тапсыру мақсатында, ет өңдейтін кәсіпорындармен меморандумдар жасалды, олар:

          Павлодар ауданы,Черноярка ауылы, «Темірком» ЖШС

          Қашыр ауданы, Тереңкөл ауылы,  «Ет-Бастау» ЖШС

          Екібастұз қаласы, «КХ Жаңа ауыл» ШҚ.

          Егер ішкі мүшелердің және малдың етінің патологиялық өзгерістері болмаса, 12 сағат бойы ұсталғаннан кейін бруцеллезге оң нәтиже берген жануарларды еркін сатуға  рұқсат беріледі.

          «Астана-Агропродукт» ЖШС.  

Ақмола облысы, Қорғалжың ауданы, Сабынды ауылы.

Директоры Серік Жұмаділұлы Рахимбаев.

Орынбасары Бауыржан Оралбекұлы-87710460870,  ж. тел.- 8717254-07-29, 54-07-99.

1-санат.  140 кг жоғары -1000. 

               140 кг - нан төмен - 900.

2-санат.  140 кг жоғары - 850.

               140 кг төмен - 750.

3-санат.  140 кг жоғары - 700.

               140 кг төмен - 600.

  1. «Ет-бастау» ЖШС.

Қашыр ауданы, Тереңкөл ауылы.

Орынбасары  Заманбек  Наккажыұлы Кожабаев - 87779372052.

1-санат- 1100 тг.

2-санат - 1000 тг.

3-санат -  750 тг.

  1. «Темірком» ЖШС.

Павлодар ауданы, Чернорецк ауылы.

Директоры - Данияр  Қанатұлы Темирбаев  - 87714277107

1-санат  - 1120 тг.

2-санат - 1020 тг.

3-санат - 700-800 тг.

 

  1. «К/Х «Жаңа ауыл» ЖШС.

Екібастұз қаласы.

Директоры- Нұрсұлтан Қайратұлы Ибраев, 87025521751

1-санат  - 1100 тг.

2-санат - 860 тг.

3-санат - 650 тг.

 

  1. «Акжар-Өндіріс» ЖШС агрофирмасы.

 Май ауданы,Көктөбе ауылы.

Директоры -  Гулзира  Абзалқызы Казылова - 87019936309, 8(7182)329841.

 

 Ірі қара мал                                           Ұсақ мүйізді мал

1-санат - 700 тг.                                          1-санат- 750 тг.                                         

2-санат - 600 тг.                                          2-санат - 350тг.

3-санат  -400 тг.                                          3-санат- 150 тг.

Диагностикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылы аудан бойынша 46 063 бас ірі қара мал және 49 923 бас ұсақ мүйізді мал бруцеллез ауруына тексерілуі қажет.

Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап бруцеллезге диагностикалық тексеру жүргізу мақтасында қан алу жұмыстары басталды.

Қазіргі уақытта диагностикалық зерттеулер жүргізілді, оның ішінде бруцеллезге:

- жоспар бойынша 46 063 бас болуымен 1455 бас ірі қара мал зерттелді, оның ішінде 13 бас оң әсер берді, 0,9%;

-  жоспар бойынша 49 923 бас ұсақ мүйізді мал болуымен 319 бас зерттелді, оң әсер бергендері жоқ.

Адамның денсаулығы мен жануарлардың саулығы үшін күрес, олардың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету - мал иелерінің қатысуымен әрі ветеринарлардың, дәрігерлердің, әкімдердің және ауылдық округтердегі учаскелік қызметкерлердің бірлескен күшімен жүзеге асырылуы тиіс.