Жануарларды карантиндеу тәртібі

      Жануарларды карантиндеу-диагностикалық зерттеулер мен ветеринарлық өңдеу жүргізу мақсатында жаңадан келген, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды оқшаулап ұстау.

      Карантиндеу кезеңінде жануарлар шаруашылық жүргізуші субъектідегі мал басынан бөлек ұсталады және жануарларды карантиндеу кезеңі аяқталғанға дейін басқа жануарлармен тікелей немесе жанама байланыста болуын болдырмау шаралары  қабылданады.

      Жеке және заңды тұлғалар жоспарланған келгенге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу, сатып алу, әкету, орнын ауыстыру алдында жазбаша түрде өтініш береді, бұл туралы «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарлайды, Қазақстан Республикасына басқа елдерден әкелінген жағдайда, «ҚР АШМ ВБҚК Екібастұз мемлекеттік аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі 7 жұмыс күні ішінде карантиндеу жоспарын әзірлейді. Бекітілген жоспардың көшірмесі 3 жұмыс күні ішінде жеке/заңды тұлғаларға жіберіледі.

     Карантиндеу кезінде қалалық ветеринарлық станция эпизоотологиялық тексеру жүргізеді:

  1. Жануарларды ветеринарлық тексеру, жануарлардың термометриясы.
  2. Ветеринарлық өңдеу.
  3. Зертханалардың жануарлардың ауруларына қарсы жүргізетін диагностикалық зерттеулері.

     Мемлекеттік ветеринарлық дәрігер 3 жұмыс күні ішінде эпизоотологиялық тексеру нәтижесінің негізінде, нысан бойынша эпизоотологиялық тексеру актісін жасайды.

     Қазақстан Республикасының ішінде орны ауыстырылатын жануарларды эпизоотиялық жағынан қолайлы карантиндеу ұзақтығы кемінде 7 күнтізбелік күнді құрайды.

      Үшінші елдерден әкелінетін немесе Кеден одағы мен Еуразиялық Экономикалық Кеңістікке мүше елдер арасында тасымалданатын, Республикадан үшінші елдерге әкетілетін жануарларды карантиндеу ұзақтығы кемінде 21 күнтізбелік күнді құрайды.

     Қазақстан Республикасына басқа елдерден әкелінген жағдайда, аумақтық инспекция жеке және заңды тұлғаларға еліндегі экспорт, импорт әрі транзит бойынша эпизоотиялық жағдай туралы; орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне шарттар жасау алдында ақпарат береді.

      Жануарларды басқа елдерге әкету үшін шаруашылық жүргізуші субъектілерде экспорттаушылар үшін «Е» белгісі бар есептік нөмірі болуы тиіс.

      Қазақстан Республикасының ішінде жануарларға арналған ілеспе құжат ветеринарлық анықтама болып табылады, оны қалалық ветеринарлық станция береді, елден әкелу және әкету кезінде ветеринариялық сертификат 1- нысанды аумақтық инспекция береді.

     Әкелінетін жануарларды карантиндеу мақсатында, импорттаушының 21 күн ішінде келген жануарларды оқшаулап ұстауға арналған аумағы (мал қорасы, базасы, мал азығы қоры, су) болуы қажет. Жануарлар белгілі жерге келгеннен кейін жеке және заңды тұлғалар, егер жануарлар елге әкелінсе, «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне және «ҚР АШМ ВБҚК Екібастұз мемлекеттік аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне  хабарлауға міндетті.

       Жануарларға карантиндеу жүргізілген соң, импортталған ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринарлық төлқұжат бере отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасына есепке қою қажет, бұрын сәйкестендірілген елде берілген жеке нөмірлерді сақтайды. Карантиндеуден кейін импортталған жануарлар туралы деректер ветеринарлық төлқұжаттардың берілуімен, дерекқорға енгізіледі.

       Егер жануарлар жаңадан келген, әкелінген, сатып алынған, әкетілген, орны ауыстырылатын болса:

      1) ветеринарлық анықтама және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасында олар бойынша мәліметтерді көрсете отырып, Республика аумағы бойынша эпизоотиялық жағынан қолайлы болған жағдайда;

      2) жануарларды кейіннен санитарлық сою мақсатында жануарларды сою объектілерінде (етті қайта өңдеу кәсіпорындары) олар бойынша мәліметтерді ветеринарлық құжаттарда және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасында көрсете отырып жеткізу кезінде    жануарларды карантиндеу жүргізілмейді.