Ауылдық округтерде және Екібастұз қаласында мал қораларына дезинфекция жүргізу тәртібі.

Зарарсыздандыру - жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың қоздырғыштарын жою  шараларының кешені. Зарарсыздандыру жүргізу үшін Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген ветеринарлық препараттар қолданылады.

Сондай-ақ жануарлар ауруларының ошақтары пайда болған жағдайда, мәжбүрлі зарарсыздандыру  жүргізіледі (мысалы, бруцеллезге оң нәтиже берген жануарлар анықталған жағдайда). Мәжбүрлі зарарсыздандыру кезінде ағымдағы және қорытынды зарарсыздандыру жүргізіледі.

Ағымдағы зарарсыздандыруды объектінің ішінде жануарлардың жұғу және аурудың одан тыс жерлерге таралу қаупін азайту мақсатында сауықтырудың барлық уақыты ішінде мезгіл-мезгіл жүргізеді. 

Қорытынды зарарсыздандыруды ауру жануарларды бөлу тоқтатылғаннан кейін және жұқпалы ауру қоздырғышының көзін жоюға кепілдік беретін іс-шаралар жүзеге асырылғаннан кейін жүргізеді.

Тазалау және зарарсыздандыру жұмыстары басталар алдында үй-жайды жануарлардан босатады, одан суды және зарарсыздандырудың әсерінен бүлінетін жабдықтарды шығарады немесе полиэтилен пленкамен жабады, бетін зарарсыздандыру ерітіндісімен ылғалдандырады, содан кейін қырғыш                       пен су ағысының көмегімен қидың негізгі массасын, жем қалдықтарын және басқа да ластануды жинайды. Зарарсыздандыру жүргізер алдында зарарсыздандыруға жататын жерлерге мұқият механикалық тазалау жүргізіледі. Механикалық тазартуды аумақтың иелері жүргізеді.

Жануарларды карантиндеу кезінде жануарларды ұстауға арналған үй-жайларды (алаңдарды) жануарлардың кезекті партиясын карантиндеу мерзімі аяқталғаннан кейін әр жолы дезинфекциялайды.

Қасапханалардың (мал сою алаңдарының), қайта өңдеу кәсіпорындарының үй-жайларын зарарсыздандыру, олардың пайдалану ерекшеліктерінің ескерілуімен белгіленеді.

Зарарсыздандыру жұмыстары аяқталған соң ережеге сәйкес нысан бойынша акт жасалады.

Зарарсыздындыруды Екібастұз қаласы ветеринарлық станциясының ветеринарлық мамандары Дук арнайы машинасымен, жеке тұлғаларға (ЖҚШ, ШҚ, ФҚ) мал иелерінің есебінен ақылы негізде бір шаршы метрі үшін 50 теңге бағасымен және заңды тұлғаларға (ЖШС) бір шаршы метрі 100 теңге бағасымен жүргізеді. Зарарсыздандыру 75-25-53 телефонына немесе Екібастұз қаласы, Гридин көшесі, 43 мекенжайына өтінім беру арқылы жүргізіледі.