НОДУЛЯРЛЫ ДЕРМАТИТ ТУРАЛЫ ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

         Нодулярлы дерматит мүйізді ірі қара малдың /терінің түйнекті ісінуі,вирусты түйнек/ экзотикалық, трансшекаралық вирусты ауруы.Ауру қоздырушысы-вирус. Ірі қара малдың нодулярлы дерматиті ауруының байқалу оқиғалары маусымдық сипатта өрбиді, ал аталған ауруды таратушысы болып табылатын қан сорғыш жәндіктер/соналар,масалар,шіркейлер т.б./мен жайылым кенелері көп жерлерде байқалады. Аурудың инкубациялық кезеңі 3-13 күнге созылады. Ауырып шыққан жануарлар 8-12 ай бойы қайта жұқтырылуға қарсы әсерге/иммунитетке/ие болады. Аурудың бастапқы кезеңдерінде көзден сулы бөлінділер ағады,дене температурасы 40С дейін жоғарылайды,жануар азықтан бас тартады, жата береді,көп мөлшерде сілекей бөлінеді,қатты жүдейді,сүт безінің жұмысы нашарлайды,өзіне белгі-тері ішінде ісініп түйнектер пайда болуы, бұл ісікті түйнектер әдетте, барлық дене бөліктерінде байқалады, кейде олар тек аяқ пен қарын маңында байқалуы мүмкін. Түйнектер пайда болғаннан кейін бірнеше сағаттан соң олардың шеттерінде эпидермистің бөлектеніп ажырауы орын алады, ал түйнек ортасында өзіне тән некрозды ұлпалы шұңқырша пайда болады.Кейбір жануарлардың кеуде, кеуде асты, желін, сыртқы жыныс органдары маңы мен аяқтар тұсында домбығып ісінулер пайда болады.

Аурудың ауыр ағымда өтуі кезінде ауыз қуысы,тыныс алу және асқорыту тораптары мен кейбір ішкі органдар зақымдалады. Көзден аққан бөлінділер кілегейге айналып,қабықша түзеді. Конъюнктивиттер дамиды,қасаң қабат қошқылданады, бұл жартылай немесе толық көрмей қалуға әкелуі ықтимал. Өкпенің қатты домбығуылары кезінде жануар тұншығудан өліп кетуі мүмкін.Нодулярды дерматитке диагнозды кешенді зерттеу әдістері негізінде қояды.

1. Эпизоотологиялық әдіс

2. Клинникалық әдіс

3. Патологиялық-анатомиялық әдіс

4. Зертханалық әдіс

Нодулярлы дерматит болдырмау үшін және қолайсыз ошақтардан тарамау үшін жануарларды вакцинациялау жүргізіледі. 2017 жылы Қазақстан Республикасы көлемінде Люмпивакс вакцинасы қолданылды. Вакцина қабылдаған жануарлар 10күннен иммунитет қабылдайды және 12-айға дейін сақталады.Қабылданған стратегияға байланысты2017 жылы қорғаныс аймағы саналатын Манғыстау,Батыс-Қазақстан, Ақтөбе облыстарында вакцинациялау жұмыстары жүргізілді. Алайда көршілес шекаралас елдердегі эпизоотологиялық жағдайды ескере отырып қорғаныс аймағы 2018 жылы Манғыстау,Батыс-Қазақстан,Ақтөбе,Қостанай облысының жекелеген аудандары кіргізілген.

Емі.Телімді терапия әдістері құрастырылмаған.Санитарлық тұрғыдан алғанда симтоматикалық терапияны қолданған жөн емес деп танылған. Симптоматикалық ем негізгі ауру- вирусты нодулярлы дерматитті жоймайды, эпизоотия кеңінен таралып,ұзақ уақытқа созыла алады. Екіншілік бактериалды инфекция түріндегі асқынуларды профилактикалау үшін антибиотиктер мен сульфаниламидті преператтар қолдану ұсынылады және ветеринарияда қолданылатын АСД преператының 2-3 фракциялары өте жақсы емдеу нәтижесін береді.

Профилактикасы және күресу шаралары.Аталған инфекцияның қандайда бір өңірде пайда болуына жол бермеу бойынша профилактикалық шаралар өткізу.

1. Ауылдық округтерде жануарлар қозғалысын қатаң ветеринариялық бақылауда ұстау және барлықдеректер ді компьютерлік деректер базасына енгізу-әрбір малдың жеке нөмірі болу шарт.

2. Жануарлардың елге енгізілуі мен шығаруын,жануарлардың лажсыз сойылуын ет,сүт,сойыс өнімдері,тері шикізаттары мен жүннің енгізілуі мен шығарылуын бақылауда ұстау.

3. Жануарларды жоспарлы ветеринариялық өңдеулерге толык жүгіндіру.

4. Жануарларды қан сорғыш шыбын-шіркейлерден қорғау

5. Қиды уақытында шығару және биотермиялық өңдеу,қора-жайларды дезинфекциялау,дезинсекциялау,дератизациялау,жануар өлекселерін жою шараларын жүргізу.