Екібастұз қаласы мен оның ауылдық аймағының аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы

 

Жоба

 

Павлодар облыстық мәслихатының

№ ____

ШЕШІМІ

 

Павлодар қаласы                                                                                                                                                                                                            2018 жылғы ________

 

 

Екібастұз қаласы  мен оның ауылдық аймағының

аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау

және жою қағидаларын бекіту туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңы 6 - бабының 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Екібастұз қаласы мен оның ауылдық аймағының аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою туралы қоса беріліп отырған қағидалар бекітілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                     Қ.Абишев

 

 Облыстық мәслихат хатшысы                           Б. Бексеитова

 

 

Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы ____________

№ ____шешімімен бекітілді

 

Екібастұз қаласы  мен оның ауылдық аймағының аумағында

қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Екібастұз қаласы мен оның ауылдық аймағының аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюдың осы қағидалары (бұдан әрі - Қағида ) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексінің 246 -бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы»№ 16-02/701 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 ақпанда № 10183 тіркелді)сәйкес әзірленді және Екібастұз қаласы мен оның ауылдық аймағының аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін белгілейді.

          2.Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

         1) үй жануарлары – иттер, мысықтар және ұзақ тарихи кезең бойы дәстүрлі түрде адам көмегімен өсірілетін және бағылатын басқа да жануарлар, сонымен қатар адамның эстетикалық мұқтажын қанағаттандыру үшін жасанды жолмен өсіріп шығарған және жабайы популяциясы жоқ өмірге қабілетті, жеке морфологиялық белгілері ұқсас өзгешеліктері бар және ұзақ уақыт бойы табиғи ареалда өмір сүретін жануарлардың түрлері мен тұқымдары;

         2) қараусыз қалған жануарлар – адамның қарауынсыз қалған немесе жартылай еркін топ болып құрылған, адамның қадағалауынсыз көбеюге қабілетті (тұқымдық белгілер бар немесе жоқ) үй жануарлары;

        3) қаңғыбас  иттер мен мысықтар – адамға қауіпті аурулармен ауыратын, топталып жүретін жабайы жануарлар.

        4) биостерилизациялау – жануарларды тұқымдану қабілетінен (репродуктивті қабілетінен) хирургиялық жолмен айыру;

        5) жануарларды эвтаназиялау – жануарларды өлер алдында қинамау үшін, оларды ізгілік әдістермен жансыздандыру;

        6) жануарлардың бірдейлендірудің белгісі (мойынтақ, кіші чиптер, клеймолар, биркалар, арқандар).

  1. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды, тасымалдауды, уақытша ұстауды және жоюды қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары құрған, ветеринария саласындағы қызметтерді жүзеге асырушы мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар (бұдан әрі-Ұйым) жүзеге асырады.

 

  1. Қаңғыбас иттер мысықтарды аулау

 

  1. Аулау мына мақсаттарда жүзеге асырылады:

1) адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алу;

2) халықты адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтау;

3) биостерилдеу (кастрациялау) әдісімен олардың санын реттеу. Биостерилдеу қоғамдық ұйымдар, қорлардың, сонымен қатар қаңғыбас жануарлар үшін паналардың сұранысы бойынша жүзеге асырылады.

     5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауда техникалық құралдар (ебелектер, өзі тартылатын ілмектер, ұшатын дротиктері бар пневматикалық құрылғылар), Қазақстан Республикасында рұқсат етілген және тіркелген  ветеринарлық   дәрі-дәрмектер қолданылады.

  1. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, аулау кестесіне (жоспар) сәйкес, сонымен қатар қараусыз қалған иттер мен мысықтар көптеп жиналған жағдайда тиісті аумақтағы атқарушы органдардың өтінімі, азаматтардың, меншіктің барлық түріндегі ұйымдардың өтініштері бойынша Ұйым қызметкерлері жүзеге асырады.
  2. Ұйым қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулайтын қызметкерлерді жекеленген қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді, оларға түсіндіру жұмысын жүргізеді, азаматтардың талаптары бойынша көрсету үшін қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау құқығын растайтын сертификат береді.
  3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысына медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы алдын алу екпелерін алған, психоневрология және наркология диспансерлерде есепте тұрмайтын тұлғалар жіберіледі.
  4. Аулауға, арнай белгіленген жерлерге байлауда қалдырып кеткендерден басқа, қоғамдық орындарда (көшелерде, саябақтарда, гүлзарларда, аула аумағында және өзге де жерлерде) иесіз жүрген, сондай – ақ адамның қарауынсыз қалған иттер мен мысықтар жатады.
  5. Аулауды жүргізу кезінде Ұйым қызметкерлері:

1) аулау кәмелет жасқа толмаған балалардың көзінше, қаңғыбас иттер мен мысықтардың қылығы адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайдан басқа кезде;

2) адамдарға бағыттап атуға жол берілмейді.

  1. Қаңғыбас иттер мен мысықтар адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген жағдайда (агрессиялық мінез-құлық немесе құтыру ауруы күдігі болғанда) Ұйыммен кідірмей жойылады.

 

  1. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдау

 

  1. Жануарларды тасымалдауға арналған көлік құралы арнайы құрал – жабдықтармен жабдықталады.
  2. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдайтын арнайы автокөлікте қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды жүзеге асыратын Ұйымның атауы мен телефон нөмірі анық оқылатындай жазылуы керек.

 

  1. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған мамандырылған мекемеде ұстау

 

  1. Уақытша ұстауға арналған мамандырылған мекемеде клиникалық тексеру, тіркеу жүргізіледі, арнайы журналдарға: жануардың түрі, жынысы, түсі, ерекше белгілері, айырмашылық белгілерінің болуы туралы мәліметтер енгізіледі. Жануарларды тіркелген күн ішінде жоғарыда аталған мәліметтер Ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады.

   15. Тұқымыдық белгілері бар ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар қажетті  күттіммен және тамақтандырумен металл торларға орналастырылады.

   16. Иесі табылған және жануарды қайтарған жағдайда жануарларды ұстаған ұйым Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес иесінен ұстаумен байланысты шығындарды қайтарып алады.

 

  1. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою

 

  1. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтардың иелері табылмаған жағдайда, мәліметтер Ұйымының интернет-ресурсына орналастырылған күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде, сұрауы жоқ қаңғыбас иттер мен мысықтар дәрілік жолмен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен жансыздандыруға жатады.
  2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жансыздандыру басқа жануарлар ұсталатын бөлмеден бөлек орналасқан мамандырылған бөлмеде жүргізіледі.
  3. Қорытынды ереже

 

  1. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
  2. Осы Қағиданы бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.